AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда еліміздің оңтүстік өңірінде алғаш рет Far...

Алматыда еліміздің оңтүстік өңірінде алғаш рет Farapulse Ablation технологиясы бойынша жүрекке бірегей ота жасалды

Медицина 27.08.2025, 11:36 670 Нұржамал Әлішева
Алматыда еліміздің оңтүстік өңірінде алғаш рет Farapulse Ablation технологиясы бойынша жүрекке бірегей ота жасалды
Сурет: Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында еліміздің оңтүстік өңірінде алғаш рет Farapulse Ablation ең соңғы технологиясы бойынша жүрекке бірегей ота жасалды.

Бұл оқиға аритмияны емдеуде жаңа дәуірді ашады және Алматының инновациялық медицинадағы көшбасшы ретіндегі ұстанымын нығайтып, елдегі жоғары технологиялық медицинаны дамытудағы маңызды қадам болмақ және Қазақстанның емдеудің ең заманауи және қауіпсіз әдістерін енгізуге дайындығын дәлелдейді.

Операцияларды Загреб университеттік клиникасының (Хорватия) жетекші маманы Ведран Велагичтің қатысуымен институттың интервенциялық аритмологтары жасады.

"Алматыда Farapulse Ablation көмегімен операция жасау үлкен жетістік. Бұл біздің дәрігерлерге әлемдік озық жетістіктерді пайдалануға, емдеу сапасын арттыруға және аритмиядан зардап шегетін науқастарға үміт сыйлауға мүмкіндік береді", - дейді басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаев.

Аритмологиялық қызметтің аға ординаторы Асылхан Паримбековтың айтуынша, Farapulse Ablation - жүрек ырғағының жиі кездесетін бұзылыстарының бірі болып табылатын жүрекшелер фибрилляциясын емдеудің революциялық әдісі. Радиожиілікті немесе криоабляцияны қолданатын дәстүрлі әдістерден айырмашылығы, Farapulse технологиясы қысқа, жоғары энергиялы электр өрісінің импульстарын пайдаланады.

"Бұл импульстар нақты дәлдікпен әрекет етіп, аритмияны тудыратын ауру жүрек жасушаларын ғана жояды. Қоршаған тіндер, соның ішінде нервтер мен өңеш зақымданбайды. Бұл тәсіл процедураны қауіпсіз, жылдам және тиімдірек етеді, операция уақытын қысқартады және науқастардың сауығуын тездетеді", - дейді дәрігер.

Жүрекшелердің фибрилляциясы - жүрекшелердің жылдам және тұрақты емес жиырылуымен көрінетін ең көп таралған аурулардың бірі. Оның ең қауіпті салдары - инсультке әкелетін қан ұйығыштарының пайда болуы. Аурудың жиілігі жас ұлғайған сайын артады – кейбір мәліметтер бойынша 50 жаста 1%-ға дейін, 65 жаста 6%-ға дейін, 80 жаста 6-15%-ға дейін. Бұл инсульт қаупін 4 есеге, кенеттен қайтыс болу қаупін 2 есеге дейін арттырады.

Алғашқы науқастардың бірі 56 жастағы әйел жүрекшелердің пароксизмальды фибрилляциясы, тахи-бради нұсқасы, ауыр асқыну қаупі өте жоғары ауыр гипертензиядан зардап шеккен. Клиникаға түскен кезде жалпы әлсіздік, физикалық жүктеме кезіндегі (2-қабатқа көтерілгенде) ентігу, 2-3 сағатқа дейін созылатын жылдам ырғақты жүрек соғу ұстамалары мазалаған.

Тағы бір науқас, 68 жаста, жүрекшелердің пароксизмальды фибрилляциясы, тахистоликалық нұсқа, жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия, 2022 жылы миокард инфарктіне шалдыққан, артериялық гипертензия, шығарылым фракциясы 34%-ға төмендеген жүректің созылмалы жеткіліксіздігі болған. Соңғы 3 жылда оған стент қойылған, маммаро және аортакоронарлық шунттау жасалған, кардиовертер дефибрилляторы имплантацияланған. Оның да осындай шағымдары болған. 
2 күн ішінде 10 операция жасау жоспарлануда. Оталар МӘМС аясында тегін жасалады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бірегей ота #жүрек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Импорттың орнына өзіміздің көшеттер: Алматыда көгалдандырудың жаңа жүйесі қалыптасып келеді

Бүгін 18:46

Алматылық түлектер республикалық ағаш отырғызу акциясына қосылды

Бүгін 18:39

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

Бүгін 18:34

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 18:30

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 18:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика