Алматыда электровелосипедтен шыққан өрт сөндірілді

Алматыда электровелосипедтен шыққан өрт сөндірілді Сурет: Polisia.kz

Достық даңғылы мен Жолдасбеков көшесінің қиылысында оңтүстік бағытта қозғалып келе жатқан полицияның жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері электрсамокаттан шыққан өртті байқап, дереу әрекет етті, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Полицейлер жедел түрде отты оқшаулап, оның таралуына жол бермеді. Бөлімшенің бірнеше жауынгері оқиға орнына жақын маңда жүрген азаматтарды қауіпсіз жерге шығарып, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

- Қызметкерлеріміз жағдайға сәйкес әрекет етті - ең бастысы, өрттің таралуына жол бермеу және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды. Жедел әрі үйлесімді жұмыстың арқасында жағдай толықтай бақылауға алынды, - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ЖҚАЖ командирі Азамат Исергужин. 

Өрт толық сөндірілді, зардап шеккен азаматтар жоқ.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:16

16:36

15:22

14:19

12:10

11:03

10:05

17:18

16:19

15:05

14:45

14:20

13:05

12:05

11:47

11:10

10:36

10:05

17:55

17:36

17:20

17:17

17:04

16:57