Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда екі байланыс операторына қатысты тергеу...

Алматыда екі байланыс операторына қатысты тергеу бастады

Әлеумет 30.06.2022, 10:16 1,148
Алматыда екі байланыс операторына қатысты  тергеу бастады
ubr.ua

17 маусымда Алматы қаласы бойынша монополияға қарсы департамент «Кселл» АҚ мен «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ға қатысты монополиялық жоғары баға белгілеу бойынша тергеу бастады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.



«Кселл» АҚ-ға қатысты: Азаматтардың ұялы байланыс операторларының баға өсіміне жиі жүгінуіне байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2020-2021 жылдары ұялы байланыс және мобильді интернет қызметтерінің тарифтерін талдады. Құрамына «Кселл» АҚ және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС кіретін «Қазақтелеком»АҚ тобының (35% астам) үстем жағдайы анықталды.



«Кселл» АҚ талдау кезеңінде ұялы байланыс (орта есеппен 756 теңге) және мобильді интернет (орта есеппен 1765 теңге) қызметтеріне ең жоғары баға белгіледі.


Мысалы, бірқатар операторларда ұялы байланыс қызметтеріне ең төменгі баға орта есеппен 332 теңгені, мобильді интернет қызметтеріне - орта есеппен 1022 теңгені құрады.


Монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерінің анықталуына байланысты, ұялы байланыс және интернет қызметтеріне монополиялық жоғары бағаларды белгілеу белгілері бойынша «Кселл» АҚ-ға қатысты тергеп-тексеру басталды.



«Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ға қатысты: 2020-2021 жылдары SMS-тарату қызметтері нарығындағы баға мониторингінің қорытындысы бойынша Агенттік басқа байланыс операторларымен салыстырғанда «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ның баға өсіргенін анықтады.



Байланыс операторлары 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда SMS-тарату тарифтерін орта есеппен 14,03%-ға арттырған.


Бұл ретте, ең жоғары орташа баға «Қазақтелеком» АҚ тобына кіретін «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-да және «КаР-Тел» ЖШС-мен салыстырғанда «Кселл» АҚ операторларында тіркелді.


Бағаның ең жоғары өсім қарқыны «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС мен «Кселл» АҚ-да тіркелді.


SMS-тарату қызметіне монополиялық жоғары баға белгілеу белгілері бойынша «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС қатысты тергеп-тексеру басталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Байланыс #оператор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ораза кезіндегі ұйқының маңызы

Бүгін 11:32

Жамбыл жырлары – жас буын жүрегінде

Бүгін 10:59

Алматыда ауыл шаруашылығы жануарларын тегін вакцинациялау басталды

Бүгін 10:51

Алматыда есірткі контрабандасының жолы кесілді

Бүгін 10:32

Алматыда киберполиция жалған лаңкестік ақпараттың салдары туралы ескертті

Бүгін 10:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі