AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда домбыра жасау шеберлеріне арналған кеш өт...

Алматыда домбыра жасау шеберлеріне арналған кеш өтті

Мәдениет 21.04.2023, 19:20 2,073 Almaty-akshamy
Алматыда домбыра жасау шеберлеріне арналған кеш өтті
Сурет: Ашық дереккөз

«Пернесінде сөйлейді ұлы дала»


Бүгін ҚР Мемлекеттік орталық музейінде домбыра жасау шеберлеріне арналған «Пернесінде сөйлейді ұлы дала» атты республикалық байқаудың қорытынды кеші өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Байқау ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған болатын. Шара аясында музей қоры қазақ күй өнерінің алыптары мен тарихи тұлғалар Құрманғазы Сағырбайұлы, Абай Құнанбайұлы, Жамбыл Жабаев, Махамбет Өтемісұлы, Ақан сері Қорамсаұлы, Біржан сал Қожағұлұлы, Дина Нұрпейісова, Қазанғап Тілепбергенұлы, Сүгір Әлиұлы, Есбай Балұстаұлы, Кенен Әзірбаев домбыраларының көшірмелерімен толықтырылды.


Шараның басты мақсаты - домбыра жасаушы қолөнер шеберлерін көпшілікке таныстыру және  күй атасы Құрманғазының мәдени мұрасын насихаттау. Сондай-ақ ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енгізілген «Ортеке» аспабы музейдің «Қазақ этнографиясы» залына орналастыру.  



Шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Кәріпжанова Роза Самидоллақызы салтанатты түрде ашып, бабадан аманат болып қалған күмбірлеген күй мен әуелеген сазымыздың бүгінгі күнге дейін жетуі - қос ішекті домбыра аспабының құндылығында екенін баса айтты. Музей қорын қазақ зиялылары домбыраларының көшірмесімен толықтыруға үлес қосқан шеберлерге де алғыс білдірді.


«Пернесінде сөйлейді ұлы дала» республикалық байқауына қолөнер шеберлері арасында ұйымдастырылған халықаралық және республикалық сайыстардың жүлдегерлері мен қазақ өнері мен мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткерлер қатысты.



Шара аясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұстаздары және ҚР еңбек сіңірген әртістері Айгүл Үлкенбаева, Рамазан Стамғазиев, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Шәміл Әбілтаев, Әбділхамит Райымбергенов, Еркін Шүкіман, мәдениет саласының үздіктері Динара Нұрбаева, Саян Ақмолда, Тілеулес Құрманғалиев, халықаралық және республикалық байқаулардың жүлдегерлері Сырым Шоңбаев, Бибол Ғаппар және Диас Мұратхандар ән шырқап, күмбірлеген күй де төкті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Домбыра #шебер #кеш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда этномәдени бірлестік өкілдері Аналар күнін атап өтті

Бүгін 17:27

Тамақтан уланбау үшін не істеу керек? Маман кеңесі

Бүгін 16:50

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 15:53

Алматыда регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

Бүгін 14:08

Мемлекет басшысы премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады

Бүгін 12:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);