AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда дизельді сатуға шектеу қойылды

Алматыда дизельді сатуға шектеу қойылды

Әлеумет 05.04.2023, 10:02 752
Алматыда дизельді сатуға шектеу қойылды
Суретті түсірген Қайрат ҚОНЫСБАЙ

Алматыдағы дизель отынының жағдайына қатысты ақпарат


Алматы қаласында 213 автожанармай құю станциясы жұмыс істейді, оның ішінде ірі 6 желіге 176 жанармай құю бекеті немесе 82% тиесілі, - деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Алматы қаласына ЖЖМ жеткізу үш мұнай өңдеу зауытынан жүзеге асырылады: Шымкент «Петро Қазақстан Ойл продактс» мұнай өңдеу зауыты (ПКОП үлесі – 40%), Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ үлесі – 35%), Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ үлесі – 25%).


Ағымдағы жылдың 15 наурызынан бастап Шымкент мұнай өңдеу зауыты күрделі жөндеуге жабылды, осыған байланысты Алматы қаласында дизель отынын жеткізу тоқтатылды. Осы кезеңде ПМХЗ мен АМӨЗ-ден дизель отынын жеткізу шамамен 12 мың тоннаны құрады.


Бүгінде ірі желілік ЖҚС және қаланың мұнай базаларында шамамен 8,8 мың тонна дизель отыны бар, 4-5 күн ішінде шамамен 4,7 мың тонна жеткізіледі деп күтілуде.



Соңғы уақытта Алматы қаласында Алматы облысының тұрғындары, сондай-ақ транзиттік көлік иелері тарапынан дизель отынына деген сұраныс артты, бұл тұтынудың бір мезгілде 30-35%-ға өсуіне себеп болды және жекелеген ЖМҚС-ға үзіліспен жеткізілуіне (резервуарлардың уақтылы толмауының әкелді.



Қала тұрғындарын, автобус парктері мен коммуналдық қызметтерді қамтамасыз ету мақсатында жекелеген жанармай құю бекеттеріне дизель отынының шектеулі шығарылымы енгізілді.


Қазіргі уақытта Алматы қаласының әкімдігі ҚТЖ және ЖМҚС желілерімен бірлесіп тұрақты негізде жолда дизель отынына мониторинг жүргізеді, басқа өңірлерде вагондардың тоқтап қалуына байланысты мәселелер жедел пысықталуда.



Шымкент мұнай өңдеу зауытында өндіріс қайта басталғаннан кейін жағдай тұрақтанады деп күтілуде. ҚР Энергетика министрлігінің алдын ала ақпараты бойынша, ПКОП жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың сәуір айының бірінші онкүндігінде аяқталады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқудың маңызы зор

Бүгін 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Бүгін 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Бүгін 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Бүгін 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика