AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Denis Ten Memorial Challenge-дің VIII кез...

Алматыда Denis Ten Memorial Challenge-дің VIII кезеңіне 25-тен астам елдің спортшысы қатысады

Алматы Бүгін 14:16 45
Алматыда Denis Ten Memorial Challenge-дің VIII кезеңіне 25-тен астам елдің спортшысы қатысады
Өңірлік коммуникациялар қызметі

7-10 қазан аралығында Алматыда мәнерлеп сырғанаудан VIII халықаралық Denis Ten Memorial Challenge 2026 турнирі өтпек, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жарыс 2026/27 маусымдағы ISU Challenger Series күнтізбесіне еніп, халықаралық серияның VIII кезеңі мәртебесіне ие болды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында «Денис Тен қоры» қоғамдық қорының директоры, турнирдің ұйымдастыру комитетінің басшысы Оксана Тен мен жарыстың баспасөз хатшысы Ботагөз Алдоңғарова осылай деді.

Halyk Arena спорт кешенінде өтетін жарысқа АҚШ, Франция, Германия, Канада, Венгрия, Оңтүстік Корея мен Жапонияны қоса алғанда, 25-тен астам мемлекеттен 150-ге жуық спортшы қатыспақшы. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар үшін мұндай деңгейдегі жарыстың өз елімізде өткелі отырғаны халықаралық жарыс тәжірибесін жинақтап, түрлі ұлттық мектептің өкілдерімен бәсекеге түсуге мүмкіндік беріп отыр.

Оксана Теннің айтуынша, Memorial турнирі өткен жылдары Денис Тенді еске алуға арналған жарыс халықаралық спорттық дода деңгейіне дейінгі жолды жүріп өткен. 2019 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан жарыс спорттық бәсекені, халықаралық ынтымақтастық пен Қазақстанда мәнерлеп сырғанауды дамыту бағытындағы жұмысты бір арнаға тоғыстырыпты.

«Біз Денис Теннің есімін оның өнері мен жетістігі туралы естеліктер арқылы ғана емес, нақты жұмыс арқылы да есте сақтағымыз келеді. Бұл – халықаралық турнир өткізу, спортшыларды қолдау мен мәнерлеп сырғанаудың одан әрі дамуына жол ашу», – деп толықтырды Оксана Тен.

Денис Тен Олимпиада медалін жеңіп алған тұңғыш қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы атанды. Ол 2014 жылы Сочиде өткен Олимпиада ойындарында қола медаль иеленді. Сонымен қатар 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2015 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері және 2015 жылғы төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы болды. Оның спорттық жолында Азия қысқы ойындары мен Универсиададағы жеңістері де бар.

2026 жылы Denis Ten Memorial Challenge 2026/27 маусымындағы ISU Challenger Series құрамына еніп, халықаралық серияның VIII кезеңіне айналды. Жарыс нәтижелері ISU жүйесінде есепке алынады, ал қатысушылар халықаралық рейтингте ескерілетін рейтингтік ұпай үшін бақ сынайды. Турнир ISU талаптары мен ережесіне сәйкес, аккредиттелген төрешілер мен мамандардың қатысуымен өткізіледі.

«Бүгінде Denis Ten Memorial Challenge – бұл тек еске алуға арналған турнир емес. Бұл мәнерлеп сырғанаушыларға кәсіби жарыс тәжірибесін жинақтап, Қазақстанның өзінде жоғары деңгейде өнер көрсетуге мүмкіндік беретін халықаралық спорттық дода», – деп атап өтті Оксана Тен.

ұйымдастырушылар бұған дейін Denis Ten Memorial Challenge турнирінде жеңіске жеткен Михаил Шайдоровты қазақстандық мәнерлеп сырғанаудың жаңа буынының өкілі ретінде атады. 2026 жылы спортшы Олимпиада чемпионы атанды. Сонымен қатар ұйымдастырушылар оның жетістігі спортшының, жаттықтырушылары мен спорт жүйесінің көп жылғы еңбегінің нәтижесі екенін айтады. Ал халықаралық жарысқа қатысу мәнерлеп сырғанаушылардың кәсіби жолының маңызды бөлігі саналады.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Memorial турнирі өткізілген жылдар ішінде Қазақстанда жаңа спорт мектептері мен Мәнерлеп сырғанау академиясы ашылып, жарысқа қатысушылар саны артқан. Сонымен қатар қазақстандық спортшыларға халықаралық деңгейдегі жарыстарда өз елінде өнер көрсетуге қосымша мүмкіндік жасалды.

Ұйымдастырушылар жарыстың қалың көпшілікке қолжетімді болуына ерекше көңіл бөліп отыр. Негізгі жарыстарды тегін тамашалауға болады. Сонымен қатар көрермендер жарыстық көрсетілімдермен қатар, спортшылардың жаттығу барысын да тамашалай алады.

«Бізге турнирдің кәсіби спорт қауымдастығына ғана емес, көрерменге де қызықты болғаны керек. Әсіресе жастар мен студенттерді тартқымыз келеді. Оларға мәнерлеп сырғанаудың жоғары деңгейін өз көзімен көріп, үлкен спорттың атмосферасын сезінуге мүмкіндік береміз», – деді Ботагөз Алдоңғарова.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Denis Ten Memorial Challenge жарысының трансляциясы 56 елдің аудиториясын қамтиды. Турнирдің кестесі, нәтижелері, трансляциялары мен жаңалықтарын Denis Ten Foundation қорының ресми әлеуметтік желілерінен бақылауға болады. БАҚ өкілдері үшін тіркелу мен ақпараттық сүйемелдеу жағы да қарастырылған.

Турнир 10 қазанда финалдық көрсетілімдермен, марапаттау рәсімімен және жарыс жеңімпаздары мен шақырылған мәнерлеп сырғанау жұлдыздарының қатысуымен өтетін Gala Show бағдарламасымен аяқталады.

Алматы үшін Denis Ten Memorial Challenge түрлі елдерден келген спортшылар, жаттықтырушылар, төрешілер, мамандар мен БАҚ өкілдерінің басын қосатын маңызды алаң болмақ. Ал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар үшін бұл – халықаралық деңгейдегі жарыста өз елінде өнер көрсетіп, тәжірибе жинақтап, түрлі спорт мектебінің өкілдерімен кәсіби байланыс орнатуға сеп болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#турнир
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бюджет үдерістерінің ашықтығы және бәсекелі мемлекеттік сатып алу: мәселелер мен шешу жолдары

Бүгін 15:05

Адалдық пен білім тоғысқан «ADALDYQ CUP»

Бүгін 15:02

Қала күніне орай Терренкурда жаңа мурал пайда болды

Бүгін 12:47

Академик Армен Рысмендиев: ҒЗИ-дің кешегісі, бүгіні және ертеңі туралы

Бүгін 12:22

Ne Prosto Orchestra Алматыда Қала күніне арналған мерекелік концертте өнер көрсетеді

Бүгін 11:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);