Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда демалыста өтетін жәрмеңкеде бақылау жүргі...

Алматыда демалыста өтетін жәрмеңкеде бақылау жүргізіледі

Әлеумет 30.05.2025, 18:55 786
Алматыда демалыста өтетін жәрмеңкеде бақылау жүргізіледі
Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда демалыс күндері өтетін жәрмеңкелерде ветеринарлық-санитарлық және ұйымдастырушылық бақылау жүргізіледі, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

​«Алматы» ӘКК ветеринариялық-санитариялық бақылау саласындағы уәкілетті органдармен, сондай-ақ аудан әкімдіктерімен бірлесіп апта сайын Алматы қаласындағы демалыс күндері өтетін жәрмеңкелерде бақылау жұмыстарын жүргізеді. 

​Ашу алдында жауапты қызметкерлер ет, балық, сүт өнімдері, жұмыртқа және басқа да тез бұзылатын азық-түлік өнімдеріне ветеринариялық анықтамаларды және фермерлердің сертификаттарын тексереді, сақтау шарттарын, температуралық режимнің сақталуын және қаптаманың бүтіндігін бақылайды, қажет болған жағдайда балғындық пен қауіпсіздікке экспресс-сынамалар жүргізеді. 

​Өнімді сатуға уәкілетті қызметкерлермен келісілгеннен кейін ғана рұқсат етіледі. Бұзушылықтар анықталған жағдайда тауар алынады, ал сатушының қызметі тоқтатылады.
​Сонымен қатар, жәрмеңкелерде сауда алаңдарының санитарлық жағдайы, жұмыс режимі, стихиялық сауданың алдын алу тұрақты бақылауда.
​Демалыс жәрмеңкелері әр сенбі және жексенбі күндері сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін өткізіледі. Жәрмеңкеге шығарылатын өнімдер делдалдарды айналып өтіп, тікелей шаруалар мен өңдеу зауыттарынан жеткізіледі, бұл бағаны нарықтық бағадан төмен ұстауға мүмкіндік береді.
​Жәрмеңке мекенжайлары: 

• Алмалы ауданы: Масанчи көшесі, Гоголь көшесі мен Әйтеке би көшесінің арасы

• Бостандық ауданы: «Қазақфильм» шағын ауданы, Исиналиев көшесі

• Әуезов ауданы: Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысы

• Медеу ауданы: Меңдіқұлова бульвары, Бектұров көшесінің қиылысы

• Алатау ауданы – «Мәдениет» тұрғын үй кешені.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жәрмеңке #бақылау #демалыс #норма
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Кеше 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Кеше 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Кеше 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Кеше 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Кеше 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі