конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда демалыс күнгі өтетін жәрмеңкеге келушілер...

Алматыда демалыс күнгі өтетін жәрмеңкеге келушілер саны артып келеді

Әлеумет 19.06.2026, 10:22 289
Алматыда демалыс күнгі өтетін жәрмеңкеге келушілер саны артып келеді
Алматы әкімдігі

Алматыда демалыс күнгі өтетін жәрмеңкеге келушілер саны артып келеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматылықтар мен қала қонақтары демалыс күндері өтетін жәрмеңкеге жиі баратын болды. Нәтижесінде азық-түлік өнімдерінің сауда көлемі шамамен 20%-ға өсті. 2026 жылы жәрмеңкелерде ай сайын шамамен 3 мың тонна өнім, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары сатылуда. Өткен жылы бұл көрсеткіш орта есеппен айына 2,5 мың тонна болған.

«Алматы» ӘКК» АҚ ұйымдастыратын демалыс күнгі жәрмеңкесі тұрғындарға сапалы өнімді қолжетімді бағамен сатып алуға, ал отандық өндірушілерге өз тауарларын делдалсыз тікелей сатуға мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері жәрмеңкелерде шамамен 16,5 мың тонна өнім сатылып, келушілер саны 85 мың адамнан асты. Сатып алушыларға жаңа піскен көкөніс пен жеміс, ет және сүт өнімдері, жұмыртқа, бал, нан және кондитерлік өнімдер, кептірілген жемістер, үй жағдайында дайындалған тағамдар және өзге де тауарларды қоса алғанда 1000-нан астам өнім түрі ұсынылады.

Жәрмеңкеге Алматы қаласы, Алматы облысы және еліміздің басқа өңірлерінен келген 300-ге жуық шаруа қожалығы мен кәсіпкерлер қатысады. Сауданың бұл форматы тікелей жеткізу тізбегін дамытуға және азық-түлік бағасының қолжетімді деңгейін сақтауға ықпал етеді.

Бүгінде жәрмеңке Алматының бес ауданында – Әуезов, Алмалы, Медеу, Бостандық және Жетісу аудандарында жұмыс істейді.

Сонымен қатар Бостандық және Әуезов аудандарындағы жәрмеңке алаңдарын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында аумақтарды көркейту, санитарлық жағдайды жақсарту, сауда инфрақұрылымын жаңарту және сауда қатарларын ретке келтіру көзделген.

Жаңғырту жұмыстары кезеңінде Әуезов ауданындағы жәрмеңке уақытша Рысқұлбеков көшесі, 33/2 мекенжайына көшірілді. Сондай-ақ 2026 жылдың мамыр айында Жетісу ауданындағы Құлагер шағынауданында жаңа жәрмеңке өз жұмысын бастады.

«Алматы» ӘКК» АҚ демалыс күнгі өтетін жәрмеңке желісін кеңейту жұмыстарын жалғастырып, кезең-кезеңімен қаланың барлық сегіз ауданын қамтуды және жаңа өңірлік өндірушілерді тартуды жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта жәрмеңке әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін келесі мекенжайларда өтеді:

– Бостандық ауданы – «Қазақфильм» шағынауданы;

– Әуезов ауданы – Рысқұлбеков көшесі, 33/2;

– Медеу ауданы – Меңдіқұлов және Бектұров көшелерінің қиылысы;

– Алмалы ауданы – Мәсанчи көшесі, Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің аралығы;

– Жетісу ауданы – Құлагер шағынауданы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жәрмеңке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда инфляция қарқынының төмендеуі байқалды

Бүгін 13:06

Креативті кластер бой көтереді

Бүгін 12:05

Сайраннан Тұңғыш Президент саябағына дейін: Алматының қоғамдық кеңістіктері жаңарып келеді

Бүгін 11:42

Көктөбеде аумағы 4 гектар болатын жаңа гүлді беткей ашылды

Бүгін 11:02

"Сергек" енді самокатшыларды да бақылайды

Бүгін 10:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);