AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелерге келушілер сан...

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелерге келушілер саны аптасына 50 мың адамға жетті

Барлығы 16.10.2025, 11:21 567 dulatbekova
Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелерге келушілер саны аптасына 50 мың адамға жетті
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Берекелі күзде Алматы мен Алматы облысының фермерлері демалыс күнгі жәрмеңкелерде жаңа піскен балғын өнімдер ұсынып келеді.

Соңғы уақытта жәрмеңкелерге келушілер саны 10% артып, бүгінде аптасына 50 мың адамға дейін жетіп отыр,  - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Бұған Жетісу ауданында ашылған жаңа жәрмеңке де ықпал етті. Қазір мұндай сауда орындары Алмалы, Бостандық, Әуезов, Медеу және Жетісу аудандарында тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Іс-шараны «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұйымдастырған. 

Жыл басынан бері жәрмеңкелерге қатысатын фермерлер мен ауыл шаруашылығы өндірушілерінің саны 10% көбейіп, бүгінде 330 кәсіп иесіне жетті. Олар тұтынушыларға мыңнан астам түрлі тауар ұсынады. Барлық өнім делдалсыз, яғни тікелей өндірушілер мен өңдеу кәсіпорындарынан жеткізіледі. Бұл өз кезегінде бағаның нарықтағы деңгейден төмен болуына септігін тизігіп отыр.

Тұрғындар сұранысының артуына байланысты «Алматы» ӘКК келесі аптада Алмалы ауданында жаңа жәрмеңке ашуды жоспарлап отыр. Өтетін орны жайлы қосымша ақпарат кейінірек хабарланады.
 
Жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін мына мекенжайларда өтеді:
* Алмалы ауданы – Масанчи көшесі, Гоголь және Әйтеке би көшелерінің арасы;
* Бостандық ауданы – Қазақфильм шағынауданы, Исиналиев көшесі;
* Әуезов ауданы – Өтеген батыр көшесі, Абай даңғылынан төмен;
* Медеу ауданы – Мендықұлов бульвары, Бектұров көшесінің қиылысы;
* Жетісу ауданы – Құлагер шағынауданы, Серіков көшесі, 2-үй.
 
Жаңа өнімдер жәрмеңкелерде ғана емес, қаладағы ірі сауда желілерінде де қолжетімді бағамен сатылады. «Береке Fest» республикалық акциясы аясында отандық өндірушілерге арнайы сауда аймақтары бөлінді. Бұл шара өнімдерді төмендетілген бағамен сатуға, отандық өндірісті қолдауға және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Акция аясында Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, «Алматы» ӘКК және Magnum, Small, Toimart сауда желілері арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Құжаттар бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі 10 пайыздан аспайды. «Береке Fest» акциясы биыл қазан айының соңына дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #демалыс #жәрмеңке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге төлем жасау қағидаларын жаңартты

Бүгін 15:33

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Алматыда мәдени-ағартушылық жұмысты күшейтпекші

Бүгін 14:40

Алматы әуежайында заманауи өнер көрмесі ашылды

Бүгін 14:13

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:33

Қостанайда ең ауқымды «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика