Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Коронавирус / Алматыда «дельта» штамының таралуы денсаулық сақта...

Алматыда «дельта» штамының таралуы денсаулық сақтау жүйесінің жүктемесін екі есе арттырды

Коронавирус 25.08.2021, 16:42 1,208
Алматыда «дельта» штамының таралуы денсаулық сақтау жүйесінің жүктемесін екі есе арттырды
Сурет: Мedaboutme.ru

Алматы қаласының жұқпалы аурулар ауруханаларында 6 мыңнан астам науқас жатыр, оның ішінде 169 - бала.


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Өткен тәулікте Алматыда 1590  жағдай адам тіркелді, олардың 1515-і - симптомды тасымалдаушылар. Барлығы 6,021 адам ауруханаларда, 476 адам жан сақтау бөлімінде емделуде, ал 35 адам ӨЖЖ аппаратына, 188 инвазивті ӨЖЖ аппаратына, 223 науқас High Flow аппаратына қосылған. Қаладағы ковидтік стационарларда төсек-орын тапшылығы жоқ; бүгінгі күнге дейін барлығы 8 910 төсек-орын дайындалды.


С.Сұлтанғазиева Алматының дәрігерлері екі есе жүктемемен жұмыс істейтінін атап өтті.



«Жедел жәрдем көлігінің жүктемесі шарықтап тұр, тәулігіне 1600-ге жуық жағдай тіркеліп, ауруханаға жатқызу саны 700-750 деңгейде, өсім жоғары. Тәулігіне 3000-3500 дейін қоңырау шалынады. Күн сайын 2600-2750 қоңырау соғылады», - деді С. Сұлтанғазиева.



Ол 12 868 науқастың АМСК пен Телемедицина орталығының мобильді топтарының бақылауында екенін айтты.


Бүгінде жүздеген дәрігерлер коронавируспен күресуде, олардың кейбіреулері Алматыдағы вакциналау орталықтарында жұмыс істейді. 1000-нан астам дәрігер азаматтарға екпе жасайды.


Айта кетсек, қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет және спорт нысандарында, базарлар мен сауда орталықтарында орналасқан 160 вакциналау пункті бар.


Өткен тәулікте Алматыда бірінші компонентпен 3585 адам, екіншісімен - 7 729 адам вакциналанды. 2021 жылдың 1 ақпанынан 24 тамызына дейінгі барлық кезең бойынша 849 542 адам бірінші компонентпен, 691 848 адам екінші компонентпен егілді. Егілгендердің жалпы санының 110 236-ын 60 жастан асқан қариялар құрайды.


Светлана Сұлтанғазиева алматылықтарды күзгі-қысқы маусымдық вирустар кезеңі жақындағандықтан, жуық арада вакциналануға шақырды.



«Енді ЖРВИ және тұмау сияқты маусымдық аурулар басталады.  Температура көтерілгенде және дерт жұқтырған жағдайда ауру өрши түседі. Сондықтан қазірден бастап коронавирусқа қарсы вакциналану қажет», - деді ҚДБ басшысының орынбасары.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #індет #Вирус #қала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алатау-Ақпарат» пен «Қызылжар-Ақпарат» арасында меморандумға қол қойылды

Бүгін 18:16

Алматы мен Үндістан бизнес және инвестициялық байланысты күшейтпек

Бүгін 18:01

Алматыдағы Сәтбаев көшесі халықаралық стандарттарға сай жаңартылады

Бүгін 17:42

Алматылық спортшы Түркияда өткен халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Бүгін 17:32

Астанада Перизат Қайратқа тиесілі болған көлік аукционға қойылды

Бүгін 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика