AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / Алматыда дауыс беру белсенді жүріп жатыр

Алматыда дауыс беру белсенді жүріп жатыр

Сайлау-2023 20.11.2022, 01:54 1,408
Алматыда дауыс беру белсенді жүріп жатыр
www.inform.kz

Еліміздің маңызды оқиғасынан шет қалмай, өз таңдауын жасауға келген қала тұрғындарының көңіл-күйі көтеріңкі, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Алматыда кезектен тыс президенттік сайлауға ұсынылған үміткерлерге дауыс беру басталды. Бүгін қаладағы учаскелер ашылмай жатып, өз таңдауын жасауға келген алматылықтардың қарасы қалың болды.


Алматыда алғашқы сайлау учаскесі таңғы сағат 6.00-де ашылды. Ал дауыс беру сайлау заңнамасында бекітілген тәртіп бойынша сағат 7.00-де басталды. Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай, өз даусын беруге келген қала тұрғындарының көңіл-күйі өте жақсы.



«Бүгін - ерекше күн, ҚР Президент сайлауы. Бұл - саяси оқиға. Бұл - біздің болшағымыз. Мен кешелі бері аталған науқанға дайындалдым. Алматыда жауын жауып тұр, соған қарамастан, ең бірінші болып сайлау учаскесіне кірдім. Соның арқасында сыйлыққа ие болдым»,- дейді Алматы тұрғыны.



№ 254 сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы Бақытжамал Оспанованың айтуынша, сайлаушыларға барлық жағдай жасалған.



«Біздің сайлау учаскесінде 1799 адам тіркелген. Жалпы, 1817 бюллетень берілді. Төрт адам есептен шығару куәлігін алды. Алматылықтар таңмен таласа келіп, белсенді атсалысып жатыр. 10-нан астам байқаушы жұмыс істеуде. Барлық сайлау нормаларын қатаң қадағалаймыз», - дейді Бақытжамал Оспанова.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #сайлау #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

1312 жедел желісі: алматылықтар кене шағуы мен вакцинация бойынша кеңес ала алады

Бүгін 14:21

ChatGPT психологтың орнын баса ала ма: ЖИ-мен сырласудың қаупі қандай?

Бүгін 14:16

Алматыда жастарға заң мен жауапкершілік жайы түсіндірілді

Бүгін 14:10

Туризм Алматыдағы табысты салалардың біріне айналып келеді

Бүгін 12:41

Алматы автобус жүргізушілерін бақылауды күшейтпек

Бүгін 12:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);