Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Дәстүрлі өнер – алтын арқау» атты концер...

Алматыда «Дәстүрлі өнер – алтын арқау» атты концерт өтеді

Әлеумет 05.12.2022, 12:10 1,102
Алматыда «Дәстүрлі өнер – алтын арқау» атты концерт өтеді
Сурет: Ашық дереккөз

2022 жылы 8-9 желтоқсан күндері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Сахарбаева Кәрима Сүндетқызының 70 жылдық мерейтойына орай «ХХІ ғасырдағы дәстүрлі музыка: зерттеу мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын және «Дәстүрлі өнер – алтын арқау» атты концерті өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Шара аясында Айтқали Жайымов, Біләл Ысқақов, Кәрима Сахарбаева, Арман Жайымның бірігіп шығарған «Домбыра сазы» кітабының тұсаукесері және өнер қайраткерлері мен зерттеуші ғалымдардың шеберлік сыныптары да өтпек.


Мерейтойлық концертте Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрі – бас дирижері А. Тілепбергенов, дирижер ҚР еңбек сіңірген қайраткері А. Жайымов, Қырғызстанның халық артисі Р. Аманова, ҚР еңбек сіңірген артисі Р. Айдарбаева, Қырғызстанның еңбек сіңірген артисі С. Кочербаев, консерватория ұстаздары Қ. Жұмағали, Ә. Алина, Т. Сәденов, А. Қойшыбаев және ардагер-ұстаздың шәкірттері өнер көрсетеді. Концертті Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Абдулхамит Райымбергенов жүргізеді.


Сахарбаева Кәрима Сүндетқызы – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, күйші-ұстаз, өнер зерттеушісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет атындағы сыйлықтың иегері, Халықаралық «ТҮРІКСОЙ» бірлестігінің мүшесі. К.Сахарбаева Халық музыкасы факультеті құрамында фольклорлық сазсырнай, жетіген аспаптарының мамандық кластарын ашты. Факультеттік ұлт аспаптар оркестрі, ансамбльдері, жеке орындаушылар ұжымын басқарып гастрольдік сапармен Германия, Австрия, Қытай, Түркия, Ресей, т.б. көптеген шет елдерде қазақ музыкасын насихаттады. Оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеушілік, күйтанушылық саласында «Домбыра-Дастан» домбыра мен фортепианаға арналған бірқатар монографиялық еңбектердің авторы. Күйші-композитор Қ.Ахмедияровтың шығармашылығын, ой-толғамдарын, күйлерінің шығу тарихын, орындаушылық шеберлігін, жан-жақты зерттеп, «Табыну», «Шынар», «Күй-ұран», «Күй-толғау» еңбектерін құрастырып шығарды. Мемлекеттік «Мәдени-мұра» бағдарламасы аясында консерватория мен М. Әуезов атындағы «Әдебиет және өнер» институты бірлестігінде шыққан «Қазақ музыкасының антологиясы» көп томдығы авторларының бірі. 


Конференцияға – отандық және шетелдік музыка зерттеушілері, музыкалық ЖОО-ның және музыка колледждерінің оқытушылары, дәстүрлі музыка орындаушылары мен тәуелсіз зерттеушілер қатысады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Концерт #Сахарбаева Кәрима
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда "Заң және тәртіп" тұжырымдамасы бойынша ақпараттық кездесу өтті

Бүгін 18:08

Ел өңірлерінде 40 градусқа дейін аяз болмақ

Бүгін 17:45

Алматыда алғаш рет кәмелетке толмаған науқасқа жамбас-сан буынын толық алмастыру отасы жасалды

Бүгін 17:21

ҚазҰУ конституциялық өзгерістерді талқылау алаңына айналды

Бүгін 17:20

Елімізде екі күн қатарынан өскен доллар бағамы төмендеді

Бүгін 17:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі