AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда «Даму» қоры 46 млрд теңгеге 300-ден астам...

Алматыда «Даму» қоры 46 млрд теңгеге 300-ден астам жобаны қолдады

Алматы Бүгін 14:15 41 yakiya
Алматыда «Даму» қоры 46 млрд теңгеге 300-ден астам жобаны қолдады
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда 2025 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар аясында «Даму» қоры жалпы несие сомасы 315,7 млрд теңге болатын 1,4 мың жобаны қолдады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Алматы қаласы бойынша бөлімшесінің директоры Жандос Нұрғазинов осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, қор жұмыс істегелі бері қалада жалпы сомасы 2,6 трлн теңгеден асатын шамамен 21 мың жоба қолдау алыпты.

«Даму» қорының негізгі міндеті – шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлік белсенділікті дамыту мен жаңа жұмыс орнын құру. Алматы – еліміздегі ең үлкен іскерлік орталық, сондықтан мұнда кәсіпкерлерді қолдауға да көп көңіл бөлінеді», – дейді Жандос Нұрғазинов.

Былтыр қолдау тапқан жобаның ішінде 353 жоба 55,5 млрд теңге көлемінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде қолдау алды. Сонымен қатар, 432 жоба 91,2 млрд теңге сомасына кепілдендіру тетігін пайдаланса, тағы 589 жоба 168,9 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген қаржыландыруға ие болды.

Қолдау көрсетілген жобаларды іске асырудың арқасында кәсіпкерлер 5,4 трлн теңгенің өнімін өндіріп, қызмет көрсетті. Сонымен қатар, бюджетке 558 млрд теңге салық түсті, 3,1 мың жаңа жұмыс орны құрылып, 21 мыңға жуық жұмыс орны сақталды.

Экономиканың нақты секторы мемлекеттік қолдаудың басым бағыты болып қалып отыр. Қаржыландырудың жалпы көлемінің үштен бірінен астамы – 100,4 млрд теңге өңдеу өнеркәсібіне бағытталды. Сондай-ақ көлік және логистика, туризм, білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы жобаларға да елеулі қолдау көрсетілді.

Қолдау алғандардың шамамен 90%-ын микро және шағын кәсіпкерлік нысаны. Қолдау тапқан жобаның 44%-ы әйел кәсіпкерлерге тиесілі екен.

Бизнесті қолдау жұмысы биыл да жалғасты. Тек биылғы бес айда ғана жалпы сомасы 46 млрд теңгеге жуық 304-тен астам шағын және орта бизнес жобасына қолдау көрсетілді.

Спикердің айтуынша, бүгінде кәсіпкерлерге қаржылық және қаржылық емес қолдау құралдары қолжетімді. Ең сұранысқа ие тетіктің қатарында несиелерді кепілдендіру, «Өрлеу» бағдарламасы аясындағы жеңілдетілген несиелеу, жылдық мөлшерлемесі 12,6% болатын лизингтік қаржыландыру (несие сомасы 7 млрд теңгеге дейін, мерзімі 10 жылға дейін), сондай-ақ «Іскер аймақ» бағдарламасы бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау механизмі бар.

«Көп жағдайда кәсіпкерлердің жобасы өміршең болғанымен, кепілдік мүлкі жеткіліксіз болып қалып жатады. Мұндай жағдайда Қор банк алдындағы несие сомасының 85%-ына дейін кепілдік береді», – деп атап өтті Жандос Нұрғазинов.

Жеңілдетілген несиелер мына мақсатқа берілуі мүмкін:

• жабдықтар сатып алуға;

• өндірісті жаңғыртуға;

• бизнес нысандарын салу мен кеңейтуге;

• айналым қаражатын толықтыруға;

• жаңа инвестициялық жобаларды іске қосуға.

Қаржылық қолдаудан бөлек, кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидаты бойынша кеңес те беріледі. Қор жанындағы фронт-офистерде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның бизнесті қолдау бағдарламалары бойынша ақпарат алуға, сондай-ақ қаржыландырудың қолайлы құралдарын таңдауға көмек алуға болады.

Жеке кәсібін ашуды жоспарлаған азаматтарға арналған «Арманнан іске» бағдарламасы жаңа бағыттың бірі. Бағдарламаға қатысушылар кәсіпкерлік негіздері бойынша оқудан өтіп, бизнес-жобаларды әзірлеу кезінде сүйемелдеуге ие болады. Кейін олар Қордың 90%-ға дейінгі кепілдігімен 200 млн теңгеге дейін жеңілдетілген қаржыландыруға үміткер бола алады.

«Біздің міндетіміз – мемлекеттік қолдау шараларын бизнес ауқымы мен тұрғылықты өңіріне қарамастан әр кәсіпкер үшін барынша қолжетімді әрі түсінікті ету», – деп түйіндеді сөзін Жандос Нұрғазинов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Даму» Қоры
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда күн сайын 300-дей бала жарақат алады

Бүгін 15:10

Алматы колледждері сұранысқа ие 10 жаңа мамандықты оқытады

Бүгін 14:58

Алматыда Тәжікстан өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Бүгін 14:24

Дархан Сатыбалды: Алматыдағы ауа сапасын жақсарту бойынша нақты нәтиже көріп тұрған жоқпын

Бүгін 12:12

UC Davis тәжірибесі: университеттік медиа студенттерді қалай кәсіби ортаға дайындайды?

Бүгін 11:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);