AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда бұрынғы қоқыс орнына жасыл аймақ салынды

Алматыда бұрынғы қоқыс орнына жасыл аймақ салынды

Әлеумет 15.11.2024, 11:11 1,107 yakiya
Алматыда бұрынғы қоқыс орнына жасыл аймақ салынды
Алматы әкімдігі

Бұрын бұл жерде табиғи полигон болған.

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары және халықпен кездесу барысында Жетісу ауданындағы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында абаттандырылған жасыл аймақты аралап көрді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл нысан қаланың Жетісу ауданындағы Уссурийская көшесінде орналасқан. 

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының арқасында біз өз идеяларымызды ұсына алдық. Көше танымастай өзгерді, жайлы және тұруға тартымды болды», - деп атап өтті жергілікті тұрғын.

Жоба аясында бір шақырымнан астам тротуар салынды, ауданы 220 ш. м. футбол алаңы жабдықталды, сондай-ақ 750 ш. м. аумағында балалар және спорт алаңдары орнатылды.

Жобамен танысқан Ерболат Досаев мегаполис тұрғындары үшін қолайлы қалалық орта құру жұмыстары жалғасатынын атап өтті. 

Өз кезегінде аудан тұрғындары қала басшысына ересектер мен балалардың демалуына, жайлы серуендеуге қолайлы жағдай жасағаны үшін алғыстарын білдірді. Олардың өтініштері бойынша биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Крылов, Омаров, Боткин, Бөкейханов, Назарбаев, Райымбек даңғылдарындағы скверлерге ағымдағы жөндеу жүргізілді.

«Қалада бос жер учаскелері жоқ, сондықтан келесі жылы біз саябақ немесе сквер қалыптастыру үшін тіпті шағын учаскелерге ағаш отырғызуды бастаймыз. Біз 5 немесе 10 акр жер учаскелерін қолданамыз, оларды абаттандырып, серуендеуге арналған орындарға айналдырамыз. Мұндай бағдарламаны бүкіл қала бойынша жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз», - деді Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында.

Айта кетейік, мегаполисте «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы жобаға 18,8 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,8 млрд теңгеге артық. Қала тұрғындары аулаларды, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, спорт және ойын алаңдарын құру бойынша 364 жобаны ұсынуға және іске асыруға мүмкіндік алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жетісу #жөндеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);