AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / BRT-Райымбек / Алматыда BRT желісінің жалпы ұзындығы 30,5 км бола...

Алматыда BRT желісінің жалпы ұзындығы 30,5 км болады – Ерболат Досаев

BRT-Райымбек 18.12.2024, 13:19 1,733
Алматыда BRT желісінің жалпы ұзындығы 30,5 км болады – Ерболат Досаев
Сурет: Ашық дереккөз
 

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Желтоксан көшесі мен Райымбек даңғылында BRT жобасын іске асыру мерзімдеріне қатысты қойылған сұраққа жауап бере отырып мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта Желтоксан көшесінде ұзындығы 4,6 км және Райымбек даңғылында 17,2 км болатын екі BRT желісін салу жоспарлануда. Процестерді оңтайландыру үшін Райымбек даңғылындағы жоба екі кезеңге бөлінді. Жұмыстарды бірінші кезең бойынша күзде бастауға болар еді, бірақ сарапшылар қауымдастығымен кеңесіп, қала тұрғындарына келтірілетін қолайсыздықтарды азайту мақсатында екі кезеңде де бір уақытта жұмыс бастау туралы шешім қабылданды. 2025 жылдың қаңтарында Райымбек даңғылының екі бөлігіндегі жұмыстарға мердігер ұйымды таңдау бойынша конкурс жариялау жоспарлануда. Құрылыс-монтаж жұмыстары келесі жылдың наурыз айында басталады», – деді Ерболат Досаев.

Қала басшысының айтуынша, дәл осы уақытта Желтоксан көшесіндегі BRT жобасын іске асыру да басталады.

«Біз жол қозғалысы жолағын тарылтып, қоғамдық көлікке арналған қосымша жолақ үшін кеңістік босатуды жоспарлап отырмыз. Жоба Райымбек даңғылындағыдай, "фасадтан фасадқа дейін" жұмыстарды, инженерлік инфрақұрылымды ауыстыруды көздейді. 2025 жылдың соңына дейін екі желіні де аяқтау жоспарланып отыр», – деді ол.

Осылайша, Алматыда бар желілерді қоса алғанда, BRT желісінің жалпы ұзындығы 30,5 км болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #автобус #Ерболат Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ALMATY GASTRO WEEK Алматының 21 мейрамханасын бір алаңға біріктірді

Бүгін 17:46

Тоқаев Қорғаныс министрлігін толық тексеруді тапсырды

Бүгін 17:39

Алматыда Қазақстан–Қытай инвестициялық форумы өтті

Бүгін 17:29

Алматыда Sadraddin-нің концертіне көрермендер қалай кіргізіледі

Бүгін 17:00

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Бүгін 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);