Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Борис Керімбаевты еске алды

Алматыда Борис Керімбаевты еске алды

Әлеумет 26.02.2024, 05:56 1,162
Алматыда Борис Керімбаевты еске алды
Суреттерді түсірген - С.Құсайынов

Алматы қаласында «Унифай әмбебап жекпе-жек» түрінен жасөспірімдер мен жастар арасында ауған соғысының ардагері, полковник Борис Төкенұлы Керімбаевты (Қара-майор) еске алуға арналған республикалық турнир өтті.



 Әмбебап жекпе-жектен ұйымдастырылған турнир - Ауған соғысы ардагері Борис Төкенұлының құрметіне өткізіліп отырған алғашқы жарыс. Батырымыз әскери қызметке өмірінің 35 жылдан астам уақытын берді. Оның ең қиын, әрі жауапты кезеңі Ауғанстанда өтті.



Ол Алматы облысының Қапшағай қаласындағы 22-ші арнайы мақсаттағы құрама базасында ұйымдастырылған 177-ші арнайы мақсаттағы жасақты басқарды. Бұл құрылым негізінен қырғыздардан, қазақтардан, өзбектерден және тәжіктерден құралған соң «мұсылман батальоны» деп аталатын.



Ауған соғысының ардагері, халық арасында «қара майор» атанып кеткен  әйгілі полковник Борис Төкенұлы Керімбаевты еске алу турнирі Алматыдағы №4 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өтті. Спорттық іс-шараның ашылу салтанатына ауған соғысының ардагерлері, қоғам қайраткерлері және бүкіл әлемдік сайыстарды еліміздің көк туын көтеріп жүрген спортшылар қатысты.



Осы орайда, алғашқы құттық сөзі Қазақстан Республикасының Ардагерлер қауымдастығының төрағасы, «Унифай әмбебеп жекпе-жек» федерациясының президенті Бахытбек Смағұлға берілді:





«Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуын елімізде атап өтуде. Осы орайда, спорттық іс шара Ауған соғысының қаһарманы, ҚР қарулы күштерінің аяққа тұруына үлкен еңбек сіңірген қолбасшы Борис Төкенұлының құрметіне ұйымдастырылып отыр.Ашылу салтанатына қара мойордың жасағы, бірге қызмет еткен ардагерлер қатысты. Ардагерлер мен спортшыларды арнайы марапаттау рәсімі өтті. Сайысты өткізудегі басты мақсатымыз даңқты батырымыздың жасаған ерлігін ұрпаққа өнеге етіп, насихаттау болып отыр. Сонымен қатар, жастардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, еліне деген махаббатырын арттыру», – деді Б.Смағұл.






Спорттық іс шара барысында ардагерлер мен әлем чемпиондары және спорт шеберлері Борис Керімбаев атындағы «Ар-намыс» төсбелгісімен марапатталды. Жалпы жарысқа еліміздің 7 өңірінен 270 астам спортшы қатысты. Сайыс ережесі бойынша 10-18 жас арасындағы спортшылар өз арасында шын мықтыны анықтады. Жарыс жеңімпаздары арнайы, бағалы сыйлықтармен марапатталды.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жастар #Керімбаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туристік серпін: Алматыға 2,5 млн-ға жуық адам келді

Бүгін 17:45

Шымкентте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа жатақхана ашылды

Бүгін 17:32

СҚО-да полицейлер алаяқтардың арбауына түскен екі зейнеткердің 6 млн теңгеге жуық ақшасын сақтап қалды

Бүгін 17:03

"Аяғымды кесіп тастауы мүмкін": Бетперде киген жігіт 15 жастағы қызға үй мен қаражат сыйлады (ВИДЕО)

Бүгін 16:42

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Бүгін 16:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика