AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда биыл тұрғын үйлерге 300-дей тексеріс жүрг...

Алматыда биыл тұрғын үйлерге 300-дей тексеріс жүргізеді

Әлеумет Бүгін 11:36 54 yakiya
Алматыда биыл тұрғын үйлерге 300-дей тексеріс жүргізеді

Алматыда биыл көппәтерлі тұрғын үйлердің басқармасына 300-дей тексеріс жүргізу жоспарланып отыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Тұрғын үйлерді күрделі жөндеу мен жеделсатыларды ауыстыру жұмысы да жалғасады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Жандос Қайырханов осылай деді.

Оның айтуынша, қазір қаладағы 9,6 мың көппәтерлі тұрғын үйді 2,5 мыңнан астам нысан — МИБ, ПИК мен басқарушы компаниялар басқарады екен. Былтыр 265 тексеріс жүргізіліп, 66 әкімшілік хаттама толтырылып, 37 нысан 10 млн теңгеден астам сомаға жауапқа тартылған. Биылдың өзінде 151 тексеріс басталып кетіпті.

«Тұрғын үйдің тозуына байланысты көп өтініш түсті. Уақытылы күрделі жөндеу жасамаған, құрылым мен инженерлік жүйелер ескірген, осының бәрі айналып келіп үлкен мәселеге болып отыр», — дейді Жандос Қайырханов.

Соған қарамастан қалада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртып жатыр. 2011 жылдан бері 1,3 мыңнан астам үйге күрделі жөндеу жүргізіп, 2,3 мыңнан астам жеделсаты ауысқан. Биыл тағы 100 үйді жөндеп, 45 жеделсаты ауыстырмақ. Бұл 300 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Тұрғын үйлерді басқару саласындағы заңнамалық өзгеріске де ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, «қарапайым серіктестік» нысаны алынып тасталды, енді екі негізгі модель қарастырылған — МИБ мен тікелей бірлескен басқару. Сондай-ақ МИБ төрағасының өкілеттік мерзімі үш жылға дейін ұзартылып, басқарушы компанияларды тарту мүмкіндігі кеңейтілді.

Бұдан бөлек, тұрғындардың жиналысын өткізудің күндізгі және сырттай (оның ішінде онлайн) дейтін жаңа форматы енгізілді. Сонымен қатар тұрғын үй инспекциясының міндетіне жылыту маусымына дайындық пен өрт қауіпсіздігі жүйелерінің жай-күйін бақылау жағы да кіріп отыр.

Сондай-ақ, қолданыстағы ПИК-тер биыл шілде айына дейін қайта тіркеуден өтуге тиіс. Ол үшін ХҚКО арқылы өтініш, жиналыс хаттамасы мен тіркеу алымының төленгені туралы құжат тапсыру керек. Белгіленген мерзімде талап орындалмаған жағдайда кооперативтерді мәжбүрлі түрде тарату рәсімі қарастырылған. Сонымен қатар заңда уақытша басқарушы компаниялар институты көзделген. Бұл жаңа үйлерге де, сондай-ақ тұрғындары басқару нысанын әлі таңдамаған нысандарға да қатысты.

Бұл бастама тұрғын үй қорын басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттырып, тұрғындардың, басқарушы ұйымдар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланыс мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тұрғын үй
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кей қазақстандықтар құмар ойынға қатыса алмайтын болды

Бүгін 12:04

Тоқаев Король Виллем-Александрды Нидерландтың ұлттық мерекесімен құттықтады

Бүгін 11:52

Халықаралық заманауи өнер көрмесі өтті

Бүгін 11:02

Бас Прокурор Қазақстандағы Америкалық сауда палатасы өкілдерін және ірі инвестор компанияларды қабылдады

Бүгін 11:00

Алматылық Виктория Графеева бокстан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан қоржынына алтын салды

Бүгін 10:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика