AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда биыл «Жасыл ел» командасына қосылуға 3 мы...

Алматыда биыл «Жасыл ел» командасына қосылуға 3 мың жас ниет білдірген

Әлеумет 18.11.2022, 08:40 1,290
Алматыда биыл «Жасыл ел» командасына қосылуға 3 мың жас ниет білдірген
almaty-akshamy.kz

«Жасыл ел» республикалық бағдарламасының мегаполисте қалай жұмыс істейтіні Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. «QAMQOR CHARITY» қоғамдық қорының төрайымы, Алматы қаласы әкімі жанындағы жастар кеңесінің мүшесі Бағдат Анарбаева және Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры директорының міндетін атқарушы Әзиз Қажденбек спикер ретінде қатысты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


«Жасыл ел» бағдарламасы 16-дан 29 жасқа дейінгі жастарға арналған. Ол жазғы уақытта жастардың басын біріктіреді және әлеуметтік әрі экологиялық жобаларды жүзеге асырады. 



«Бүгін біз жастар үшін өте маңызды және пайдалы жоба туралы айтып отырмыз. Бұл бағдарлама көп жылдар бойы жұмыс істеп келеді және жыл сайын жазғы кезеңде студенттерге жұмыс табу және аз да болса табыс табу  табу мақсатында қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, қаламыздың көркейіп, көгалдандыруына септігін тигізеді», - дейді Б.Анарбаева.



Жалпы, аталған бағдарлама аясында барлық кезеңінде 20 мыңнан астам студент пен жұмыссыз жастар жұмысқа орналастырылды.



«Биыл 3 мыңнан астам жас бұл қатарға өтуге ниет білдірген. Биылғы жылы бағдарлама аясында квота 1900 орынды құрады. Біз оны толықтай қамтыдық», - деп толықтырды Ә.Қажданбек. 



Бағдарлама аясында жастар тек экологиялық акцияларға ғана емес, сонымен бірге, ірі ауқымды шараларға қатысты. Биыл «Табиғатты бағалайық» челленджі іске қосылды, жастар экоакцияларға қатысты. 
«Жасыл ел» мүшесі болу оңай, ол үшін оның кеңсесінде тіркелу қажет. Биыл бұл жобаны Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры жүзеге асыруда.


Брифинг соңында спикерлер бұл жобаға жастар арасында сұраныстың өте жоғары екенін атап өтті. Олар жастардың қосымша табыс табуына мүмкіндіктері болуы үшін «Жасыл елді» жазда ғана емес, сабақ уақытында да дамытуды жоспарлап отыр. Келесі жылы жалақыны көтеру жоспарлануда.


Барлық қызықтырған сұрақтар бойынша Байтұрсынов, 22, 1-корпус мекенжайы бойынша жүгінуге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жасылел #Қажденбек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35

Future format-тағы Наурыз дәстүрі: Алматы жаңа буын декорациясымен таңғалдырады

Бүгін 18:12

«KitapFest-2026»: цифрлық технология мен шығармашылық тоғысқан алаң

Бүгін 18:10

Алматыда заңсыз салынған дәмхана бұзылып жатыр

Бүгін 18:06

Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында ұлттық спорт күні өтті

Бүгін 18:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика