AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда «Бірлік жүгірісі» атты неондық жүгіру өтт...

Алматыда «Бірлік жүгірісі» атты неондық жүгіру өтті

Алматы Бүгін 09:23 40 Сұлу
Алматыда «Бірлік жүгірісі» атты неондық жүгіру өтті
Алматы әкімдігі

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ерекше форматтағы неондық «Бірлік жүгірісі» ұйымдастырылды. Іс-шараға түрлі ұлт өкілдерінен 100-ден астам адам қатысып, ол достықтың, татулықтың және мәдени алуандықтың жарқын көрінісіне айналды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдерінің мәліметінше, биылғы іс-шарада заманауи форматқа басымдық беріліп, тұрғындарды бұқаралық спортқа кеңінен тарту көзделген.

Жүгіру кешкі уақытта өтті: сағат 21:00-де басталып, қатысушылар неон жарықтары, әуен және мерекелік атмосфера аясында қашықтықты еңсерді. Қатысушылар жарық беретін аксессуарлар мен түрлі элементтер тағып шығып, заманауи қалалық стиль қалыптастырды.

Музыкалық бағдарлама да әртүрлілігімен ерекшеленді. Диджей-сетте әлем мәдениеттерінің әуендері үйлесім тауып, бірлік рухын айшықтай түсті. Қашықтық бойында жанкүйерлердің қолдауы мен жүргізушінің жігерлендіруі қатысушыларға күш беріп отырды.

Мәре сәті ерекше есте қалды: барлық қатысушыға «1-орын» медалі табысталып, бұл жарыста жеңілген жан жоқ екені көрсетілді. Ал шаңырақ пішінінде безендірілген тұғырнама ортақ үй – Қазақстанның символы ретінде ұсынылып, әр адамның біртұтас қоғамның бөлшегі екенін бейнеледі.

Іс-шара бағдарламасы электродомбыра үнімен және жасанды интеллект элементтері қолданылған мультимедиялық көрсетіліммен толықты. Бұл дәстүр мен заманауи технологиялардың үйлесімді тоғысқанын көрсетті.

«Бірлік жүгірісі» тек спорттық іс-шара емес, адамдарды біріктіретін, өзара құрмет пен қоғамдық келісімді нығайтатын маңызды алаң екенін дәлелдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жүгіру #марафон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жаңбыр жауып, дауыл соғады: бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 10:20

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аясында 40-тан астам мәдени іс-шара өтті

Бүгін 09:42

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Кеше 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Кеше 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Кеше 16:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика