Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда бірінші сыныпқа қабылдау үшін 25 мыңнан а...

Алматыда бірінші сыныпқа қабылдау үшін 25 мыңнан астам өтініш түсті

Әлеумет 28.07.2023, 12:22 732
Алматыда бірінші сыныпқа қабылдау үшін 25 мыңнан астам өтініш түсті
almaty-akshamy.kz

Алматыда бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталды. Жалпы төрт айда қала бойынша 25 009 өтініш түсті. Егер 2021-2022 оқу жылында Алматы қаласында бірінші сыныпқа 31 046 бала түссе, 2022-2023 оқу жылында – 32 938 бала. Өтінім 1 тамызға дейін қабылданады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Айта кетейік, білім беру ұйымдары алты жастағы балаларды және осы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдайды.


Үлгілік қағидаға сәйкес, 1-сыныпқа қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету электрондық форматта «Электрондық үкіметтің» egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.


Даярлық деңгейіне қарамастан, мектепке маңында (шағын учаскеде) тұратын барлық бала қабылданады. Әрі балаларды мектепке өздерінің шағын аумағы бойынша ғана емес, бос орындар болған жағдайда кез келген басқа мемлекеттік мектепке де тіркеуге болады.


Бірінші сыныпқа қабылдау үшін баланың ата-анасы немесе заңды өкілі жеке өтініш жазуы керек. Сонымен қатар, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін, 026/у-3 үлгідегі денсаулық жағдайы туралы құжатты, 065/у үлгідегі денсаулық жағдайы туралы құжатты және 3х4 өлшеміндегі екі фотосуретті өткізу қажет. Қабылдау жасы – 6 жастан бастап.



Балаларды 1-сыныпқа қабылдауда барлық қосымша сұрақ бойынша жедел желі телефондары арқылы хабарласуға болады:


Алатау ауданы: +77089705042


Алмалы ауданы: +77021000777; +77474129383


Әуезов ауданы: +77021000777; +77474129383


Бостандық ауданы: +7772806650; 87773001474


Жетісу ауданы: +77026738333; +77016606554


Медеу ауданы: +77017839483; +77759194000


Наурызбай ауданы: +77782273301; +77021966805


Түрксіб ауданы: +77778270580; +77016154978



Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдан бастап оқушылар мектеп асханаларында тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Бұл тізімге 1-4 сынып оқушылары мен әлеуметтік осал отбасыдан шыққан 5-11 сынып оқушылар кіреді. Бұған дейін мұндай жағдай әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан бастауыш сынып оқушыларына ғана жасалған болатын.


Алматыда оқушы орындарының тапшылығын төмендету үшін  2022 жылы 16 193 орындық 18 білім беру нысаны іске қосылды. 2023 жылдан бастап «Жайлы мектеп» жобасы бойынша республикалық бюджет есебінен 37 мың оқушыға арналған 22 мектеп салу жоспарланған. Бұған қоса, жергілікті бюджет есебінен 2023 жылы 5570 орындық 11 нысанды, оның ішінде 1500 орындық 1 мектепті (Қайрат ш/а.), 920 орындық 4 қосымша құрылыс (№48, 148, 112, №9 МИ), 3150 орындық 6 жекеменшік мектеп ашу көзделген. Осылайша, 2026 жылға қарай оқушы орындарының тапшылығы жыл сайынғы өсімді ескере отырып, қажетті деңгейге дейін төмендейді.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #оқушы #қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Михаил Шайдоровты Олимпиада ойындарындағы тарихи жетістігімен құттықтады

Бүгін 17:46

Тоқаев шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды

Бүгін 16:51

Қазақстанда сирек кездесетін ауруларға бөлінетін қаржы 23 есе артты

Бүгін 16:25

Бас прокуратура ескерту жасады: интернет-алаяқтар deepfake арқылы алдауға көшкен

Бүгін 15:23

Қарағандыда ірі есірткі зертханасы жойылды

Бүгін 14:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі