AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда бірінші сынып оқушылары "Жас жаяу жүргінш...

Алматыда бірінші сынып оқушылары "Жас жаяу жүргінші" қатарына қабылданды

Барлығы 24.09.2025, 13:02 700
Алматыда бірінші сынып оқушылары "Жас жаяу жүргінші" қатарына қабылданды
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласы Алатау ауданындағы №156 жалпы білім беретін мектепте "Бірінші сынып оқушыларын жаяу жүргіншілер қатарына қабылдау" атты тәрбиелік іс-шара өтті.

 Шараның мақсаты – бастауыш сынып оқушыларына жолда өзін-өзі қауіпсіз ұстау дағдыларын дарытып, жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Бағдарлама аясында балаларға арналған жол жүру ережелеріне қатысты интерактивті сабақтар ұйымдастырылып, білімдерін бекітуге арналған тәжірибелік тапсырмалар орындалды. Сонымен қатар оқушылар жол полициясы қызметкерлерімен кездесіп, салтанатты түрде "Жас жаяу жүргінші" антын қабылдады.

- Балалардың жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру – жол-көлік оқиғаларының алдын алудағы аса маңызды бағыт. Біз әрбір баланың мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап жол ережелерін түсініп, оны құрметтей білуін қалаймыз. Мұндай іс-шаралар балалардың өз қауіпсіздігіне және айналасындағы адамдардың амандығына деген жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге ықпал етеді, – деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев. 

Алматы қаласы полиция департаменті мұндай бастамалардың "Профилактика" жылы аясында жүзеге асып жатқанын және балалар арасындағы жол-көлік жарақаттарын азайтуға бағытталған кешенді жұмыстың бір бөлігі екенін атап өтті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бірінші сынып оқушылары #жас жаяу жүргінші
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56

Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» аясында 35 жоба іске асырылуда

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);