Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда «Бір мақсат. Бір бағыт» ұранымен жаңа жыл...

Алматыда «Бір мақсат. Бір бағыт» ұранымен жаңа жылдық отбасылық марафон өтті

Мәдени Алматы 28.12.2025, 16:52 686
Алматыда «Бір мақсат. Бір бағыт» ұранымен жаңа жылдық отбасылық марафон өтті
Алматы әкімдігі

Алматы қаласында жаңа жыл қарсаңында дәстүрлі отбасылық марафон ұйымдастырылды. Almaty Arena аумағында өткен шара «Бір мақсат. Бір бағыт» ұранымен өтіп, қала тұрғындары мен қонақтарын ортақ бағытқа бұрды.

Іс-шара Алатау ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып, BI Group, Bazis-A және Sensata Group компаниялары демеушілік көрсетті. Көрсетілген қолдаудың нәтижесінде марафонға қатысу көпшілікке қолжетімді болды. Марафон бағдарламасы балалар мен ересектерге арналған интерактивті алаңдармен толықты.Марафонға қатысып мәреге жеткен барлық жүгіргішке естелік медаль табысталып, ең ерекше образдағы қатысушылар «Ең үздік костюм» номинациясы бойынша арнайы жүлдеге ие болды. Шара барысында қатысушылар символикалық 2026 метр қашықтықты жүгіріп өтті. Бұл қашықтық жаңа жылды белсенді түрде қарсы алудың белгісіне айналды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, марафонға 1500 адамға арналған слот ұсынылып, олардың басым бөлігі алдын ала тіркелді. Алатау ауданы соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан, спорттық инфрақұрылымы қалыптасқан аудан ретінде ерекшеленеді. Осындай бұқаралық спорттық іс-шаралар тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, жаңа жылды отбасымен бірге қарсы алу дәстүрін нығайта түсуде.

Марафонда инклюзивтілікке ерекше көңіл бөлінді. Жарысқа Алатау ауданындағы ерекше қажеттілігі бар балалар, Meiirim оңалту орталығының тәрбиеленушілері, сондай-ақ Астанадан келген «Жанасу – Прикосновение» қорының қатысушылары қатысты. Марафонға қатысушы Баян Тұрсынбаеваның айтуынша, мұндай шаралар отбасылық қарым-қатынасты арттырады. «Біз марафонға арнайы үндістердің киімін киіп келдік. Ауа райы суық болғанымен, көңіл күйіміз жақсы болды. Костюмдерді бір ай бойы өз қолымызбен дайындадық. Осындай отбасылық шаралар көп болса екен», – деді ол.

«Бір мақсат. Бір бағыт» ұранымен өткен марафон алматылықтар үшін спорт пен мерекені ұштастырған мазмұнды әрі есте қаларлық оқиға болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#марафон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Азия чемпионатында велотректен екінші алтын медаль алды

Кеше 17:21

Алматыда салынып жатқан әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді

Кеше 16:00

Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Кеше 15:08

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Кеше 14:10

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Кеше 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика