AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда «Береке Fest» жәрмеңкесі өтеді: 350 тонна...

Алматыда «Береке Fest» жәрмеңкесі өтеді: 350 тонна жаңа өнім төмен бағамен ұсынылады

Барлығы 17.10.2025, 09:43 674 Сұлу
Алматыда «Береке Fest» жәрмеңкесі өтеді: 350 тонна жаңа өнім төмен бағамен ұсынылады
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

18-19 қазанда қалада Алматы облысы тауар өндірушілерінің кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Іс-шара отандық өндірушілерді қолдауға, бірінші қажеттіліктегі азық-түлік бағасын тұрақтандыруға және жағымды сипаттағы көңіл-күй қалыптастыруға бағытталған «Береке Fest» республикалық бастамасы аясында өтеді.

Екі күн бойы қала тұрғындары мен қонақтары балғын, жаңа піскен әрі сапалы өнімдерді тікелей ауыл шаруашылығы өндірушілерінен сатып ала алады. Жәрмеңкеге Алматы облысының 12 ауданы және Қонаев қаласы қатысады. Қала тұрғындарына 50-ден астам өнім түрі: ет және сүт, жемістер мен көкөністер, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және малдың майы ұсынылады. 

Жәрмеңкедегі өнімнің жалпы көлемі 350 тонна, оның ішінде 100 тонна ет, 100 тонна жеміс-көкөніс, 50 тонна сүт және 120 тонна басқа да өнімдер.

Жәрмеңке сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін Қазыбек би көшесінде, Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі аралықта өтеді. «Береке Fest» азық-түлік қауіпсіздігін нығайту, жергілікті өндірісті дамыту және қазақстандық тауарларды насихаттау үшін жағдай жасай отыра, елдегі өңірлерді біріктіреді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жәрмеңке #өнім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жексенбіде Қазақстанның үш қаласында ауа райы қандай?

Бүгін 11:49

Қазақстандық спортшы әлем кубогының суперфиналында тұғырға көтерілді

Бүгін 11:15

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Кеше 18:20

Алматыда Орталық Азиядағы ең биік таулы падел алаңы ашылды

Кеше 18:02

Алматыда заңсыз салынған «Береке» базары сүрілді

Кеше 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);