Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматыда Батыс Қазақстан облысы филармониясының га...

Алматыда Батыс Қазақстан облысы филармониясының гастрольдері өтеді

Өмір-өзен 15.06.2022, 07:29 1,467
Алматыда Батыс Қазақстан облысы филармониясының гастрольдері өтеді
Сурет: Ticket07.kz

Халық музыкасын оркестрдің сүйемелдеуімен ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері мен әртістері орындайды.


Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармония 15 маусымда Алматы қаласында концерт береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Концерт алдында мегаполис қонақтары Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде сөз сөйлеп, алдағы оқиға туралы айтып берді.


Ал кешке халық әнін орындаушылар алматылық көрермендерді Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің концерт залында күтетін болады.


ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, дәстүрлі ән жанрының әншісі Қатимолла Бердіғалиев ӨКҚ алаңында өз шығармашылығында қазақтың төл өнерін, ақын-жырау ретінде дәріптейтінін атап өтті. Дәстүрлі әнші, музыка пәнінің мұғалімі осы салаларды өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттауда.


Қатимолла Бердіғалиевтің репертуарында үш жүзден астам қазақтың халық әндері, жыраулар мен терме-жыраулар Бұқар жырау, Базар жырау, Қашаған жырау, Мұхит Мералиев, Ғарифолла Құрманғалиев және көптеген халық композиторларының әндері бар.


Қазақ радиосының алтын қорына «Ел» продюсерлік орталығында жазылған Қ.Бердіғалиевтің 83 әні енді. Айта кетерлігі, биыл әртіс 70 жасқа толды. Ол домбыра тартып, термені бала кезінен орындай бастаған.


Одан бөлек, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, әнші Қанатқали Қожақов, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, әнші Айбар Қайырханов және тағы басқалар қала тұрғындарына өнер көрсетеді. Дирижер әрі жетекшісі Еркін Нұрымбетов жетекшілік ететін «Дәулеткерей» қазақ халық аспаптар оркестрі халық өнерін сүйер қауымның назарына ұсынады.


Айта кетсек, гастрольдік сапар 18 мамырда басталып, Батыс Қазақстан филармониясы Қостанайда, одан кейін Павлодарда өнер көрсетті. Гастрольдік сапар 17 маусымда Талдықорғанда, 21 маусымда Шымкентте, сонымен қатар Семейде жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#батыс #Филармония #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика