Алматыда бас шыршаның шамы жағылды

Алматыда бас шыршаның шамы жағылды Сурет Алматы қаласы әкімдігі

 Салтанатты іс-шараға Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев қатысты. Шам жағу рәсіміне қатысушыларға қазақстандық эстрада жұл­дыздары – Роза Рымбаева, Мәдина Сәдуақа­сова, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, «Жігіт­тер», «Кешью», «Ринго», «Шамис» топтары өнер көрсетті.


Сондай-ақ, қаланың қоғамдық кеңістігі, жаяу жүргіншілер көшелері: Панфилов, Жібек жолы, магистральдық көшелер: Сәт­баев көшесі, Төле би көшесі, Майлин кө­шесі, Назарбаев даңғылы, Әл-Фараби даң­ғылы, Абылай хан даңғылы және т.б. жарық композицияларының бірыңғай стилінде безендірілді.


Еске сала кетейік, жаңа жыл қарсаңын­да – 31 желтоқсанда «Астана» алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қа­тысуымен концерт өткізу жоспарланған.



Концерт соңы мерекелік отшашуға ұласа­ды. Бұдан басқа, мегаполистің тұрғындары мен қонақтары үшін қаланың барлық ау­дандарын қамтитын жаңажылдық фести­валь ұйымдастырылады.


Фестиваль бағдар­ламасында халықтық караоке, би флешмобы, байқаулар, спектакльдер, эстра­да жұлдыздарының қатысуымен жанды музыка, хаскимен фотосессиялар, шеберлік сыныптары мен көрмелер, қалалық мей­рамханалар және кафелердің гастро-кор­нерлері (21–31 желтоқсан аралығында Абай және «Астана» алаңдары сағат 16.00- ден 21.00-ге дейін, 27–31 желтоқсан аралы­ғында әр ауданның негізгі алаңдарында сағат 16.00-ден 21.00-ге дейін) болады және 25 желтоқсанда Аяз Аталар шеруі өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:56

16:40

15:16

12:17

11:29

10:53

09:29

19:58

16:13

15:38

15:35

14:22

13:33

12:27

11:18

10:41

09:33

17:53

17:38

17:26

17:20

17:19

16:28

16:12

15:42