Алматыда «Бақыт деген – сенің бала күндерің» байқауының кезекті маусымы басталады

Алматыда  «Бақыт деген – сенің бала күндерің» байқауының кезекті маусымы басталады Сурет:City-yaroslavl.ru

Алматыда жыл сайын өтетін «Бақыт деген – сенің бала күндерің» атты балалар арасындағы вокалдық фестиваль-байқауының кезекті маусымы басталады.


Іс-шара 2022 жылдың 21-22 шілдесінде «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Фестиваль биыл алтыншы жыл қатарынан өткізілгелі отыр. Биыл байқауға Қазақстанның әр өңірінен 6 мен 16 жас аралығындағы 11 бала қатысады. Байқау 3 кезеңнен тұрады.  Бірінші кезеңде қатысушы қазақстандық хитті орындайды, екінші кезеңде шетелдік хит орындалады. Ал үшінші кезең «Жұлдызды дуэт» деген атаумен гала-концерт форматында өтеді. Байқауға қатысушы өнерлі балалар отандық эстраданың жарық жұлдыздары Әлішер Кәрімовпен, Әнел Әреновамен, Салтанат Құдайберген және басқа да әншілермен бірге дуэт орындайды. 


Өткен 5 маусымда еліміздің түкпір-түкпірінен байқауға қатысуға 7000-дай өтініш түскен. Осы байқаудың 50-ге тарта қатысушысы елімізде және шетелдерде өткен түрлі фестивальдар мен байқаулардың лауреаты атанып үлгерді. Бұл іс-шараның шығынын толықтай демеушілер көтереді.  Ұйымдастырушылар халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балалар арасында шығармашылықты насихаттауды мақсат етеді.


Уақыты: 21 шілде, 12:00 – 1,2 кезең.
22 шілде, 12:00 - 3 кезең (өнер жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт).


Өтетін орны: "Нұркент" шағынауданы, 6, «Алатау» дәстүрлі өнер театры.


Аккредитацияға арналған байланыс номері: 
+7 747 718 4118, Нұрата Оңғарбай, мәдениет басқармасы;
+7 708 769 95 90, Зере Нұрымжанова, ұйымдастырушалар тобы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:26

16:49

16:23

15:56

15:09

14:40

14:17

13:18

12:44

12:08

11:44

11:12

10:40

10:00

00:14

23:33

23:15

19:28

18:05

17:32

16:55

16:23

15:48

15:14

14:47