Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда «Бақыт деген – сенің бала күндерің» атты...

Алматыда «Бақыт деген – сенің бала күндерің» атты балалар вокалдық фестивалі басталды

Мәдениет 21.07.2022, 12:51 2,087
Алматыда «Бақыт деген – сенің бала күндерің» атты балалар вокалдық фестивалі басталды
сурет: Almaty.tv

Концерттің толық нұсқасы «Алматы» телеарнасынан көрсетіледі


Алматыда «Бақыт деген – сенің бала күндерің» атты балалар вокалдық фестивалі басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
Биыл республикалық байқау 6-рет өткізіліп отыр. Бірінші кезеңде қатысушылар қазақстандық өнер жұлдыздарының туындыларын, ал екінші кезеңде шетелдік танымал әндерді шырқайды. Олардың арасынан үздік шыққандар ертең гала-концертте отандық эстрада жұлдыздарымен жұп болып өнер көрсетеді. Бұл талабы таудай таланттардың жолын ашуға мүмкіндік беретін телевизиялық жоба. Концерттің толық нұсқасы алдағы демалыс күндері «Алматы»  телеарнасынан көрсетіледі.



«Байқаудың басқалардан ерекшелігі – реалити шоу форматында өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған қатысушылар 1 айдай Алматыда болды. Осы уақыт аралығында ән сабағынан қазақстандық жұлдыздар шеберлік сағат өткізді. Бірге қыдырып, көңілді уақыт өткізді. Концерттің қорытынды кезеңі ертең өтеді», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағанбетова.



Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін жобаға қызығушылық танытқандар көп екен. Биылдың өзінде еліміздің әр аймағынан 7 мыңнан астам өтінім келіп түскен. Кастинг онлайн ұйымдастырылыпты. Олардың ішінде ерекше дауысымен көзге түскен 11 бала іріктеуден өтті.



«Семей қаласынан келдім. Өнермен айналысып жүргеніме 7 жыл уақыт болды. Менің бүгінгі орындайтын әнім «Қорқыт-қобыз» деп аталады. Бұл әннің стилін Құралай Мейрамбектен алдым. Екінші өлеңім – «Indila Dernière danse», – деді байқауға қатысушы Кәусар Мәулен.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#балалар #вокал #өнер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Бүгін 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Бүгін 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика