Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда «Бақыт деген – сенің бала күндерің» атты...

Алматыда «Бақыт деген – сенің бала күндерің» атты балалар фестивалі қорытындыланды

Мәдениет 22.07.2022, 13:00 1,812
Алматыда «Бақыт деген – сенің бала күндерің» атты балалар фестивалі қорытындыланды
сурет: Almaty.tv

Телевизиялық нұсқасы «Алматы» телеарнасынан көрсетіледі


«Бақыт деген – сенің бала күндерің». Алматыда осындай атаумен өткен вокалдық фестиваль аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
Бір айға созылған республикалық байқау биыл 6-рет өткізіліп отыр. 6 мен 16 жас аралығындағы балалар қатысқан фестивальде ерекше көзге түскендер бүгін гала-концертте отандық эстрада жұлдыздарымен жұп болып өнер көрсетті. Шара «Балалар жылы» аясында ұйымдастырылды.
Амели Сохецкая – байқаудың ең жас қатысушысы. 6 жастағы бүлдіршін бүгінгі додада танымал шетел жұлдызының әнін орындап, топ жарды. Бұл – сахнадағы алғашқы қадамы.



«Менің бүгінгі өнерім сіздерге ұнады деген ойдамын. Туындыны сахнаға алып шығу үшін біз ұстазымызбен ұзақ дайындалдық», – деді байқауға қатысушы Амели Сохецкая.



Вокалдық байқау – талабы таудай таланатты балалардың жолын ашуға мүмкіндік. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін жобаға қызығушылық танытқандар көбейіп келеді. Биылдың өзінде еліміздің әр аймағынан 7 мыңнан астам өтінім келіп түсіпті. Іріктеуден 11 бала өтті. Кастинг онлайн ұйымдастырылды.



«Талдықорған қаласынан келдім. Менің вокалға қатысып жүргеніме 4 жыл болды. Бүгінгі концертте Салтанат Бақаевамен бірге ән шырқаймын», – деді байқауға қатысушы Аяулым Имангелді.


«Бүгін менің арманым орындалды. Мен танымал қазақстандық жұлдызбен ән айтамын. Ол – Айдана Меденова. Біз «Менімен биле» атты әнді айтамыз», – деді байқауға қатысушы Айбике Сәтбаева.



Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың басқалардан ерекшелігі реалити шоу форматында өткізілді. Еліміздің әр өңірінен жиналған қатысушылар 1 ай Алматыда болып, қазақстандық әншілерден сабақ алып, көңілді уақыт өткізген.



«Мен жыл сайын байқауда әділ қазылар алқасында мүшелік етемін. Бір байқағаным жыл санап балалардың ән айту деңгейі өсіп келеді. Олардың арасында жұлдызы жанған, болашақта үміт күттіретін дарынды балалар да бар», – деді әнші Әнел Әрінова.



Айта кетейік, жобаның ақпараттық демеушісі – «Алматы» телеарнасы. Өнер жұлдыздарының қатысуымен өткен өнер додасының телевизиялық нұсқасы арнадан көрсетіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балалар #өнер #шығармашылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент: «Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі»

Бүгін 13:10

«Таза Қазақстан»: тұрғындардың өтінімдері Telegram-бот арқылы үздіксіз қабылдануда

Бүгін 12:51

Алматының Әуезов ауданында сауда көлемі бірінші тоқсанда 20%-ға өсті

Бүгін 12:04

Алматының Әуезов ауданында биыл 7,4 мың қызмет көрсетілді

Бүгін 12:02

Алматының Әуезов ауданындағы 2026 жылға арналған жобалар

Бүгін 11:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика