Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда бақылаушылар мектебі жұмысын бастады

Алматыда бақылаушылар мектебі жұмысын бастады

Әлеумет 31.10.2022, 12:24 997
Алматыда бақылаушылар мектебі жұмысын бастады
Суретті түсірген - Самат

Алматыда Партиялық емес бақылау орталығының баспасөз конференциясы өтті. Онда алматылық бақылаушылар мектебі өз жұмысын бастады, - деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.


Жиынға Партиялық емес бақылау орталығы Алматы қалалық филиалының төрағасы Александр Братенков, Бақылаушылар мектебінің оқытушылары – Бекнұр Кисиков, Каиржан Абдыхалыков, Қарлығаш Усеинова қатысты.


А.Братенков сайлау барысында дайындығы бар бақылаушылар қызметінің қаншалықты маңызды екенін айтып өтті:



– Сайлау қаншалықты әділ әрі ашық өтсе, халықтың жаңа Президентке деген сенімі де соншалықты жоғары болады. Ал халықтың қолдауы бар кезде Мемлекет басшысы өз міндеттерін алаңсыз орындай алады. Сондықтан алдағы кезектен тыс өтетін Президент сайлауы барынша әділетті өтуі үшін бақылаушылар жұмыс істейді. Олар заңға сәйкес сайлау барысына қатысып, ешқандай құқықбұзушылықтың орын алмауын қадағалайды. Өз азаматтық белсенділіктерін ерікті түрде танытады. Бақылаушылар өз міндеттерін барынша тиімді атқаруы үшін Алматыда екі жылдан астам уақыт Бақылаушылар мектебі жұмыс істеп келеді. Оның мақсаты – бақылаушы болам деген адамдардың біліктілігін арттыру, – деді Алматы қалалық филиалының төрағасы Александр Братенков. Сондай-ақ, ол шаһарымызда сайлаушылардың қаншалықты белсенді боларына болжам жасады:



– Соңғы деректерге сүйенсек, Алматыда 1 миллион 200 мыңға жуық сайлаушы бар. Алайда, мегаполистегі саяси белсенділік тым жоғары деп айта алмаймыз. Сондықтан барлық сайлаушылардың 30–35 пайызы өз дауыстарын береді деп күтеміз. Жалпы қалада 600 сайлау орталығы бар, оның 531-і  – ашық мекемелер. Осы ашық мекемелерде тәуелсіз бақылаушылар болады. Қазір өз өкілдерін бақылаушы ретінде дайындау үшін «Жастар үні», «Қоғамдық пікір» сынды қоғамдық бірлестіктер бізбен байланыс орнатуда. Жалпы, сайлау басталғанша 3 мыңға жуық адамды дайындаймыз деп ойлаймын, – деді ол.


Бақылаушылар мектебінің оқытушысы Қарлығаш Усеинова бақылаушылар дайындау барысы қалай өтетінін айтты:



– Біз мұндай дайындықты бірінші жыл өткізіп жатқан жоқпыз. Болашақ тәуелсіз бақылаушыларды көптеп дайындау арқылы жалпы қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттырғымыз келеді. Негізінен, әр бақылаушы сайлау туралы заңнаманы, бақылаушыларға қатысты баптарды білуі және оны шынайы өмірде пайдалана алуы керек. Біз осы мектепте бақылаушыларды барынша дайындауға тырысамыз. Мұнда бұрын тәуелсіз бақылаушы болған адамдар да, мүлде сайлауға қатысып көрмеген адамдар да келіп, біліктілігін арттыра алады, – деді Қарлығаш Усеинова.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сайлау #Бақылаушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Танымал кәсіпкер Шайдоровтың әкесіне 60 млн теңгелік көлік сыйлады

Бүгін 11:19

Алматыда 2026 жылы 5 жаңа комьюнити орталық ашылады

Бүгін 11:11

Қостанай облысында өрт көбейді: бір оқиға өліммен аяқталды

Бүгін 10:51

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге және сақтауға 1,1 млрд теңге бөлді

Бүгін 10:41

Көкшетауда 152 млн теңге субсидияны жымқыру ісі бойынша үкім шықты (ВИДЕО)

Бүгін 10:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі