Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда балаларды оңалту орталығы ашылады

Алматыда балаларды оңалту орталығы ашылады

Әлеумет 02.11.2023, 12:06 1,140
Алматыда балаларды оңалту орталығы ашылады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Ерболат Досаев болашақ балаларды оңалту орталығының ғимаратын қайта құру жобасын аяқтауды тапсырды


Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданындағы жұмыс сапары аясында 1950 жылы салынған бұрынғы теміржол госпиталінің қараусыз қалған ғимаратын қайта жаңарту жобасымен танысты, онда ауысымда 250 адам қабылдайтын қалалық балалар оңалту орталығын ашу көзделген. 


Қала басшысына «Жетісу-Сәулет Құрылысы» ЖШС әзірлеген жоба таныстырылды.


«Біз қаланың тарихи орталығындамыз. Заманауи материалдар мен жаңа технологияларды қолданып, архитектуралық келбетті ескере отырып, жобаны әзірлеу қажет», - деп қала әкімі ұсынылған жоба қазіргі заманғы оңалту орталығының талаптарына сай келмейтінін айтты. Компанияға биыл жыл соңына дейін түзетулер енгізу және аяқталған ЖСҚ жобасын таныстыру тапсырылды. Құрылыс жұмыстары сараптамадан өткеннен кейін 2024 жылдың мамырына басталады деп жоспарланған.


Алмалы ауданының әкімі Айдар Жақыбаевтың айтуынша, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қараусыз қалған ғимаратқа алаңдаулы. Осыған байланысты мегаполис басшысы Ерболат Досаев құрылыс басқармасына цифрландыру басқармасымен бірлесіп, нысанды пайдалануға бергенге дейін бейнекамералар орнату және қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін қараусыз қалған ғимаратты қорғауды күшейту сынды уақытша шаралар қабылдауды тапсырды. 


Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес, орталық тірек-қимыл аппараты аурулары, балалардың церебральды сал ауруы, бас және жұлын жарақатынан кейінгі жағдай, Даун синдромы, жүрек және эндокриндік жүйе аурулары бар 18 жасқа дейінгі балаларды кешенді оңалтуға арналған. Орталықта оқу-тәрбие және психологиялық көмек бөлімшелері және медициналық-оңалту, 114 орындық стационарлық бөлімше, күндізгі стационар жұмыс істейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Балалао #аурухана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда Қарабалиндер отбасының өліміне қатысты іс бойынша жаңа деректер жария болды

Бүгін 09:46

Шымкентте аялдаманы бүлдірген қыздар жауапқа тартылды

Бүгін 09:26

"Бәрін әйелім үшін істедім". Тұрсын Алагөзовтың зәулім үйі желіде қызу талқыға түсті

Бүгін 09:04

Маңғыстау облысындағы сарбаз өлімі: кінәлі басшы сотталды

Бүгін 08:48

Жаңбыр жауып, күн күркірейді: бүгін Алматыда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика