AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Байқадамов пен Гагарин көшелерінің қиылыс...

Алматыда Байқадамов пен Гагарин көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы шектеледі

Әлеумет 17.07.2024, 17:50 1,003
Алматыда Байқадамов пен Гагарин көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы шектеледі
Almaty-akshamy.kz

Алматыда 1984 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан құбырды ауыстыру үшін Байқадамов пен Гагарин көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы шектелмек, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz

2024 жылғы 19 шілдедегі сағат 23:00-ден 22 шілдедегі сағат 9:00-ге дейін Алматы қаласы Бостандық ауданында Байқадамов және Гагарин көшелерінің қиылысында автокөліктер үшін қозғалыс жабылады. Екі бағытта да көлік қозғалысы жабық болады.

Уақытша шектеулер 1984 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан, жалпы ұзындығы 1220 метр болатын, аталған көше бойындағы көлік жолы бөлігінің астынан өтетін құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілді. 

Бұл құбыр 97 көппәтерлі тұрғын үйді, 12 жеке тұрғын үйді, 4 балабақшаны, 2 денсаулық сақтау нысанын және 27 басқа нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруларыңызды сұраймыз.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #құрылыс #жөндеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында қуаттылығы жылына 150 мың тонна жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылды

Кеше 22:00

Түркістан облысында 50 мың бас малға арналған Орталық Азиядағы ең ірі бордақылау кешені ашылды

Кеше 20:30

Қаладан ауылға дейін: 270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

Кеше 19:39

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығына қатысты соңғы оқиғаларға байланысты мәлімдеме жасады

Кеше 19:36

Халық Кеңесінің Экологиялық комиссиясының отырысында қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Кеше 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);