AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда автотұрақтардағы 67 заңсыз сауда нүктесі...

Алматыда автотұрақтардағы 67 заңсыз сауда нүктесі сүріліп жатыр

Барлығы 18.06.2025, 15:36 661 Сұлу
Алматыда автотұрақтардағы 67 заңсыз сауда нүктесі сүріліп жатыр
Алматы әкімдігі

Алматыда автотұрақ аймақтарындағы заңсыз салынған нысандар мен жерді заңсыз басып алғандарды анықтау және жою жөнінде жүйелі жұмыс жалғасып отыр. «Алматы паркинг» КМК мәлімдегендей, ірі сауда орталықтарының автотұрақтарында сауда нысандары еш рұқсатсыз салынған.

Мониторинг барысында мұндай нысандарында сауданың заңсыз жүргізілгені, халық көп жиналатын сауда орындарындағы автотұрақ нысандарында адам өміріне қауіпті төндіретін газ баллондарының болғандығы анықталды. Ал бұл көлік тұрағы кеңістігін пайдалану шартына қайшы.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімі негізінде «Адем» сауда орталығының алдындағы автотұрақта орналасқан 30 заңсыз құрылым бұзылды. Сондай-ақ, сот «Ялян» сауда орталығында осыған ұқсас 37 сауда нүктесін алып тастау туралы қаулы шығарды. Сот орындаушылары шешімнің негізінде нысанды бұзу жұмыстарын бастады. «Алматы паркинг» КМК мұндай шаралар тұрақ аймақтарын заңсыз салынған нысандардан арылтып, қауіпсіздікті күшейтетінін әрі автотұрақ кеңістігін ретке келтіретінін түсіндірді. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы.

Автотұрақтардағы заңсыз сауда нысандарды анықтау және жою жұмыстары жалғасып келеді, деді «Алматы паркинг» КМК мамандары. Азаматтар мен бизнес өкілдері автотұрақтарды пайдалану ережесін қатаң сақтауға тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #нысан #тұрақ #сүрілу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);