конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда автотұрақтар, самокаттар мен шлагбаумдарғ...

Алматыда автотұрақтар, самокаттар мен шлагбаумдарға жаңа қағидалар енгізіледі

Алматы Бүгін 10:34 40
Алматыда автотұрақтар, самокаттар мен шлагбаумдарға жаңа қағидалар енгізіледі
Алматы әкімдігі

Алматыда жол қозғалысын ұйымдастырудың жаңартылған қағидалары қабылданбақ. Бұл туралы Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының басшысы Ержан Диханбаев мәслихат отырысында мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жаңа құжат төрт негізгі бағытты қамтиды: автотұрақтарды ұйымдастыру, көліктерді эвакуациялау және арнайы тұрақтарда сақтау, шлагбаумдар мен қоршауларды орнату, сондай-ақ электр самокаттары мен мопедтер сияқты жеке мобильділік құралдарын орналастыру тәртібі.

Үй маңындағы тұрақ тұрғындарға тегін болады

Құжаттағы басты жаңалықтардың бірі – көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары өз үйінен 500 метр радиуста орналасқан кез келген коммуналдық автотұрақта бір автокөлігін тегін қоя алады. Бұл ретте нақты тұрақ орны бекітілмейді. Мұндай құқық меншік иелеріне, жалға алушыларға және олардың отбасы мүшелеріне беріледі.

Алғашқы минуттар тегін

Жаңа қағида бойынша коммуналдық тротуарлық автотұрақтар күн сайын сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Төлем көліктің нақты тұрған уақытына қарай минутпен есептеледі.

Сонымен қатар:

  • жолаушыны отырғызу немесе түсіру үшін тротуарлық автотұрақтарда алғашқы 5 минут тегін болады;

  • алаңдық автотұрақтардан шығуға 10 минут тегін уақыт беріледі.

Бұрынғыдай Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүгедектігі бар азаматтар, көпбалалы аналар, электр көліктерінің иелері және жедел қызмет көліктері автотұрақ ақысын төлеуден босатылады.

Самокаттар арнайы орындарға қойылады

Қағидаларда алғаш рет электр самокаттары мен мопедтерді орналастыру тәртібі де нақты реттеледі. Кәсіпкерлер арнайы тұрақ орындарын шарт негізінде ұйымдастырады, ал азаматтардың жеке мобильділік құралдарын тегін орналастыру мүмкіндігі сақталады.

Эвакуациялау тәртібі нақтыланады

Жаңа жоба заң талаптарын бұзып қойылған көліктерді эвакуациялау рәсімін де жүйелейді. Эвакуация қызметтері тәулік бойы жұмыс істеп, барлық процесті фото және бейнежазбаға түсіруге, көлікті қабылдау актісін рәсімдеуге және қауіпсіз тасымалдауға міндетті болады.

Егер көлік иесі эвакуация жасалған күні сағат 18:00-ге дейін автокөлігін арнайы тұрақтан алып кетсе, сақтау ақысы алынбайды.

Шлагбаум орнатуға бірыңғай талап енгізіледі

Құжат аулалар мен ортақ пайдаланылатын аумақтарға шлагбаумдар мен қорғаныш қоршауларын орнатудың бірыңғай тәртібін де белгілейді. Олар аудан әкімдіктерімен келісіліп орнатылуы тиіс және жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметі мен басқа да арнайы техникалардың кедергісіз өтуіне жағдай жасалуы міндетті.

Басқарма мәліметінше, жаңа қағидалар Алматыда автотұрақтарды басқару жүйесін жетілдіруге, жол қозғалысын тиімді ұйымдастыруға және тұрғындар үшін ашық әрі әділ ережелер қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Автотұрақ #ереже
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда суицидтің алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады

Бүгін 10:33

Алматыда ALMA LOVE 2026 онкүндік жастар фестивалі өтеді

Бүгін 10:04

Алматы, Астана және Қостанай тұрғындарына ескерту жасалды

Бүгін 09:38

Кедергісіз дауыс беру: Алматы барлық сайлаушылар үшін Құрылтай депутаттарын сайлауға қалай дайындалып жатыр

Кеше 19:27

Тоқаев Астанада “Болашақ ойындарын“ ашып берді

Кеше 19:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);