AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда автотұрақтан ұрланған көлік табылды

Алматыда автотұрақтан ұрланған көлік табылды

Заң мен тəртіп 23.09.2022, 10:46 1,205
Алматыда автотұрақтан ұрланған көлік табылды
Сурет: Polisia.kz

24 тамызда Т. есімді азаматша Бостандық аудандық полиция басқармасына жүгінді. Оның айтуынша, белгісіз адамдар күйеуіне тиесілі Toyota Land Cruiser 200 көлігін автотұрақтан ұрлап кеткен.


Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Тергеу және іздестіру іс-шараларының барысы Ішкі істер министрі мен Алматы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды.



«Бұл қылмысты ашу мақсатында жедел тергеу тобы құрылды. Жедел шаралардың нәтижесінде қылмыс ашылды. Бұрындары ауыр қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет сотталған, Шығыс Қазақстан облысының тумасы – 34 жастағы Т. есімді азамат ұсталды. Оның сыбайластарымен бірге қылмысқа тыңғылықты дайындалғандығы анықталды: олар бірнеше күн бойы назарларына алған жол талғамайтын көліктің жүру бағытын қадағалап, ұрлық жасауға қолайлы жерді тапқан. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды», – деді Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасының бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы.



Сонымен қатар, ұрланған көлікті сатып алушы да анықталды, оған Т.есімді азамат сәлден соң көліктің нөмірлері мен құжаттарын әкеліп беруге уәде берді. Қаскөй бұл көлікті нарықтағы бағасынан үш есе арзанға сатып жіберген. Ұрланған көлік Өскемен қаласынан табылды.



«Көлік Алматыға жеткізілді және иесіне табысталды. Қазіргі уақытта қылмыстың басқа да қатысушыларын анықтауға және оларды одан әрі ұстауға бағытталған кешенді жедел іздестіру шаралары жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», – деді Сейсенұлы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Автотұрақ #ұрлық #көлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қоғам Тоқаевтың армияны реформалау туралы шешімін қолдайды  

Бүгін 16:40

Алматыда заңсыз жарнама құрылымдарын алып тастау жұмыстары жалғасып жатыр

Бүгін 16:36

Алматыда күзгі дератизация кезінде 20 мың гектардан астам аумақ дәріленді

Бүгін 16:33

Мемлекет басшысы Rhenus Group басқарма төрағасын қабылдады

Бүгін 15:36

Тоқаев Германияның экономикалық қауымдастықтары мен қаржы институттары жетекшілерімен кездесті

Бүгін 15:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);