AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда автокөліктерді тексеру барысында жүздеген...

Алматыда автокөліктерді тексеру барысында жүздеген көліктің экологиялық талапты бұзғаны анықталды

Әлеумет 26.02.2026, 15:55 235 yakiya
Алматыда автокөліктерді тексеру барысында жүздеген көліктің экологиялық талапты бұзғаны анықталды
Алматы әкімдігі

Алматыда атмосфералық ауаны қорғау қағидалары аясында автокөліктердің экологиялық талаптарды сақтауына қатысты рейдтік іс-шаралар жалғасып келеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы қаланың Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері хабарлады.

«Eco Almaty» ЖШС мен «Ренессанс Плюс» ЖШС мамандары қалалық Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, автокөліктердің белгіленген шығарындылар нормаларына сәйкестігін тексеріп жатыр.

25 ақпанда жылжымалы экологиялық зертханалар әл-Фараби даңғылы мен Дулати көшесінің қиылысында, Райымбек даңғылы мен Жетісу көшесінде, І. Жансүгіров көшесінде және Құлжа трактісінде 42 автокөлікті тексерді. Бензин қозғалтқышы бар 12 көлікте шығарындылардың белгіленген нормадан асуы анықталды. Аталған көлік иелеріне ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 334-бабы бойынша айыппұл салынды. Дизель қозғалтқышы бар автокөліктер арасында бұзушылық тіркелген жоқ.

Бұған дейін, 12-19 ақпан аралығында стационарлық экологиялық бекеттерде пайдаланылған газдардың уыттылығы мен түтінділігіне 4 012 өлшеу жүргізілді. Оның ішінде 3 996 тексеріс бензин қозғалтқыштары бар көліктерге, 16 тексеріс дизельді көліктерге қатысты болды. Мониторинг қорытындысы бойынша 602 автокөлікте белгіленген нормалардың асуы анықталды, бұл тексерілген көліктердің жалпы санының 15 пайызы. 593 жағдайда артық шығарындылар көміртегі тотығы (СО) бойынша, 9 жағдайда түтін көрсеткіші бойынша тіркелді.

Экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, бақылау іс-шаралары тұрақты түрде жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);