Алматыда автобус жолдан шығып кетті

Алматыда автобус жолдан шығып кетті Сурет: Caravan.kz

Алматыда автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай бағдаршам мен газ құбырына соғылып, жаяу жүргіншіні қағып кетті.



Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбадан №100 жолаушылар автобусы жолдың шетіне шығып кеткенін көруге болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 23 қазан күні түскі сағат 12:00 шамасында Медеу ауданында болды.




«Foton» автобусының жүргізуші Халиуллин көшесімен батыс бағытта келе жатып Тәттібеков көшесінің қиылысында рульге ие бола алмай, жол жиегіне шығып бағдаршам мен газ құбырына соғылды», - деп хабарлады департаменттен.




Жол апаты салдарынан 59 жастағы жаяу жүргінші зардап шекті. Ол ауруханаға жеткізілді.




«Бұл факті бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы тексеру жұмыстарын бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалады, мән-жай анықталуда», - деп атап өтті ведомстводан.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:58

17:48

17:41

17:30

17:14

17:04

16:44

16:31

16:07

15:49

15:38

15:27

15:10

14:57

14:40

14:16

14:04

12:27

12:12

11:50

11:33

11:25

11:15

10:57

10:42