AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өт...

Алматыда Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті

Әлеумет 15.02.2024, 07:54 1,218
Алматыда Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті
almaty-akshamy.kz

Биыл Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толып отыр. Осыған орай атаулы күн қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік»  өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Талапкер Әміреев Ауған соғысының ардагерлерін қабылдады. 



Олардың ішінде ауған жерінде аса маңызды 9 жауынгерлік операцияға қатысқан, жеке құрамын соғыс іс-қимылдарынан еш шығынсыз алып шыққан және тәуекелшіл әрекеттері үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған, ІІМ және Ұлттық ұланның құрметті ардагері отставкадағы полковник Геннадий Фалеев, Герат провинциясындағы қарулы көтерілісті басу кезінде барлау мәліметтерін жинау бойынша жауынгерлік міндеттерді атқарған, «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалінің иегері отставкадағы аға лейтенант Егізбай Байтұрсынов, ауған жерінде бір жарым жылға жуық қызмет етіп, ерлік үлгілерін көрсеткен, жеке құрам ішінде ерекше абыройға ие болған, «Ауған халқының  интернационалист жауынгерге алғысы» медалімен марапатталған, ІІМ және Ұлттық ұланның құрметті ардагері, күрең берет иесі отставкадағы майор Павел Семенюк, түрлі жауынгерлік іс-қимылдарды сапалы байланыспен қамтамасыз еткен, Ауғанстанның қатерлі жолымен 18 рет автомобиль легін алып жүрген жаужүрек жауынгер «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Ауған халқының  интернационалист жауынгерге алғысы» медальдарының иегерлері отставкадағы майор Виктор Линок және Кабул қаласындағы Кеңес әскерлері қатарында бір жыл үш ай қызмет атқарған, «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалінің иегері запастағы медицина қызметінің полковнигі Қалыбек Бұралхиев бар. 



Қолбасшы ардагер жауынгерлерді жылы қабылдап, атаулы күнмен құттықтады. Олардың жеке құрамды тәрбиелеу ісіне қосар үлестерінің зор екендігіне баса назар аударып, алдағы уақытта да бірлесіп қызмет ете беретіндіктеріне тілек білдірді. Ардагерлерімізге естелік сыйлықтар ұсынылды. 


Айта кетейік, Ауған соғысына КСРО елдерімен қатар Қазақстаннан 22 мың адам қатысып, олардың 761 қаза тапқан, 21 хабарсыз кеткен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ауған #Ардагер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);