Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматыда атақты жаттықтырушының мерейтойына арналғ...

Алматыда атақты жаттықтырушының мерейтойына арналған су добынан ірі турнир өтеді

Спорт 30.09.2022, 11:34 1,493
Алматыда атақты жаттықтырушының мерейтойына арналған су добынан ірі турнир өтеді
Сурет: Olympic.kz

1 қазанда Алматыда атақты жаттықтырушы Лев Смолеевтің 80 жылдық мерейтойына арналған су добынан ірі турнир басталады.


Лев Смолеев - Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1974), КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1984 ж.). Су добы бойынша балалар жаттықтырушысы болған жылдар ішінде Лев Николаевич 1000-нан астам қазақстандық су добынан  мамандарды тәрбиеледі, олардың көпшілігі кейіннен КСРО, Азия чемпионаттарының, Азия ойындарының жүлдегерлері мен чемпиондары, Олимпиада ойындарының чемпиондары мен қатысушылары атанды.



"Мен бәріміз жиналып, кездесетінімізге қуаныштымын. Мен бақытты  екенімді айтқым келеді, менің керемет шәкірттерім бар, бәрі де тамаша жігіттер. Мен мұны әрқашан айтып жүремін. Өзім кішіпейіл адаммын. Бірақ, менің құрметіме осындай турнир өткізу туралы шешім қабылдағандарыңызға келгендердің барлығына рахмет айтқым келеді. Мен өзім су добына кешірек, 16 жасымда, келдім.  


Футбол, баскетбол ойнадым, шаңғы да тептім, бәрі де қолымнан келді. Алайда, мен суға секіргенде, мүлдем суға жоқ  екеніме таң қалдым. Ештеңе де білмедім. Сондықтан бұл спорт түрі қатты қызықтырып елтіп әкетті. Нәтижесінде, оған деген сүйіспеншілігім артқаны соншалық, 64 жыл осы салада болдым, яғни өмір бойы осында жүрмін. 


Мен өзімде болмаған заттарға, уақытында қолым жетпеген нәрселерге балаларды жеткізуге, жеткіншектерге беруге тырыстым. Қолымнан келгеннің бәрін жасадым деп ойлаймын", - деді Смолеев.



Жарысқа 12 жасөспірімдер командасы және төрт құрама ардагерлері қатысады: "Динамо Алма-Ата", "Медео Алма-Ата", "Астана Мастерс", "Астана Мастерс 2".


Турнир Орталық жүзу бассейнінде (Алматы) өтеді.


Спортты дамытудағы еңбегі үшін Лев Смолеев Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен (1983), "Халықтық білім беру үздігі" белгісімен (1994), ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен (2001), "Еңбек ардагері" медалімен (2002), ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің орденімен (2012), "Құрмет" орденімен марапатталған (2019).


Қазақстан Республикасы Су спорты федерациясының серіктестері "Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры" корпоративтік қоры, "Самұрық-Қазына"акционерлік қоғамы болып табылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Атақты жаттықтырушы #Су добы #турнир
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38

Ахметбек Қоңырбаев Президент Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін 11:37

Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орналасады: Алматыда ІІМ академиясына қалай түсуге болатынын айтты

Бүгін 11:12

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика