Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда әскери-техникалық мектептің курсанттары ә...

Алматыда әскери-техникалық мектептің курсанттары әскери ант берді

Әлеумет 02.12.2023, 07:44 1,289
Алматыда әскери-техникалық мектептің курсанттары әскери ант берді
Сурет: Gov.kz

Әскери-техникалық мектептің Алматыдағы филиалының 160 курсантына сертификаттар табыс етілді.


Соның негізінде Еgov сайтындағы олардың жеке кабинетінде әскери билеттің электрондық нұсқасы пайда болады. Әскери-техникалық мектеп филиалының түлектері тылдық және техникалық қамтамасыз ету бейіні бойынша 40 күндік әскери дайындық бағдарламасынан өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Қорғаныс министрлігінің сайтындағы ақпаратқа сай, егер биыл филиал әскери техникаға қызмет көрсетуге және жөндеуге, далада тамақтандыруды, заттай қамтамасыз етуді және монша-кір жуу қызметін ұйымдастыруға байланысты он бір мамандық бойынша даярланған болса, болашақта олардың саны әскери, сонымен қоса азаматтық салада да 22-ге дейін артатын болады.



«Әскери-техникалық мектепте оқу – азаматтарды әскери даярлаудың альтернативті нұсқасы. Әр түрлі себептермен он сегіз жасында мерзімді әскери борышын өтеуге шақырылмаған 24-27 жас аралығындағы жастардың оқуға және әскери билет алуға мүмкіндігі бар», – деп атап өтті «ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі» РМҚК Алматы филиалының директоры запастағы полковник Мирас Жылгелдин.



Қазақстан Президентінің жастарды жұмыспен қамту туралы тапсырмасы осылайша іске асырылуда. Әскери-техникалық мектепте оқығаннан кейін жастар күштік құрылымдарға қызметке орналасуға немесе азаматтық сектордағы компаниялар мен ұйымдарға жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.  



«Әскери-техникалық мектептің оқытушылар құрамына осындай оқу курсын ұйымдастыруда көрсеткен кәсіби шеберліктері мен біліктіліктері үшін зор алғысымды білдіргім келеді. Мұнда мен пулеметші ретінде әскери есеп мамандығын алдым.  Алдағы уақытта алдыма әскери қызметші болам деп мақсат қойып отырмын», – деді курсант Ерасыл Жұбандықов.



Жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері жылына жеті рет әскери-техникалық мектептерге курсанттар іріктеуді жүзеге асыратынын айта кеткен жөн.  Жыл сайын бұл мектептің Алматы филиалы 700-ден аса адамды оқытып шығарады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әскери-техникалық мектеп #Курсанттар #ант #сертификат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика