Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда әскери қызметшілер Қазақстанның бірінші қ...

Алматыда әскери қызметшілер Қазақстанның бірінші қорғаныс министрін еске алды

Әлеумет 07.05.2024, 09:36 923
Алматыда әскери қызметшілер Қазақстанның бірінші қорғаныс министрін еске алды
Сурет: Gov.kz

Отан қорғаушы күніне орай өтетін мерекелік шаралар Алматыда дәстүрлі түрде бірінші қорғаныс министрі, Ұлы Отан соғысының ардагері, бірінші Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов тұрған үйдің жанына гүл шоқтарын қоюдан басталды.


Іс-шараға Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы – Алматы өңірлік гарнизонының бастығы генерал-майор Алмаз Жұмакеев, Қазақстан Қарулы күштерінің ардагерлері, әскери оқу орындарының курсанттары және "Жас сарбаз" республикалық әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 



Сағадат Нұрмағамбетов талай сыннан өткенмен, тағдыры жарқын адам. Ата-анасынан ерте айырылып қалып, ағасы Сағиттің отбасында тәрбиеленеді. Ұлы Отан соғысы басталған кезде үлкен ағасы Сағит бірінші болып соғысқа аттанып, көп ұзамай қаза тапты. Одан кейінгі шақырту Сағадатқа келді. Ол Түрікменстандағы пулемет учлищесін бітіріп, 1942 жылы майданға жіберілді. Солтүстік Кавказдан Берлинге дейін жетіп, батальон командирі кезінде жеңісті қарсы алды. Оның батальоны гестапо штабын басып алу және Рейхстагқа шабуыл жасау кезінде қанды шайқастарға қатысты. 1945 жылы Сағадат Нұрмағамбетов Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.


Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов өмір сүрген үйдің жанындағы мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойғаннан кейін гарнизон әскери қызметшілері батырдың ерлігіне құрмет көрсетіп, салтанатты маршпен жүріп өтті. 




«Қарулы күштермен байланысты барлық мерекелік іс-шаралар әрқашан Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовті еске алудан басталады. Биылғы жыл ерекше. 25 мамыр – оның 100 жас мерейтойы. Армия генералы Нұрмағамбетовтің тәуелсіз Қазақстанның Қарулы күштерін құрудағы сіңірген еңбегі зор, сондықтан біз оны жадымызда сақтап, құрметтеуге тиіспіз», – деді экс-қорғаныс министрі генерал-полковник Әлібек Қасымов.



Сағадат Қожахметұлының немересі Айжан Нұрмағамбетова атасы туралы естеліктерін әңгімелеп,  атасы үшін Парыз, Ар-намыс пен Ерлік жай сөздер ғана емес екенін айтты. Бұл қасиеттер атамның ұстанымы болды. Ол тек бағыныстыларға ғана емес, өзіне де қатал, талапшыл болды деді. 


Іс-шара әрі қарай 28 панфиловшы-гвардияшылар саябағында жалғасты, онда Алматы өңірлік гарнизонының басшылығы мен Қарулы күштердің ардагерлері Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, гарнизонның әскери қызметшілері салтанатты маршпен өтті.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Әскери қызметшілер #бірінші қорғаныс министрі #еске алу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үкімет Конституцияны түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

Бүгін 15:57

Алматыда шығарындыларға бақылау күшейтіліп, төмен эмиссиялы аймақтар енгізіледі

Бүгін 15:45

Алматыда жоғары оқу орындары арасындағы ең ауқымды спорттық турнир - ALMA CUP 2026 басталады

Бүгін 15:41

Алматыда №27 емхана мен стационарлардың қабылдау бөлімшелері тексерілді

Бүгін 15:38

Атырауда мектеп маңында жеті жасар қызды көлік қағып, қаза тапты

Бүгін 15:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика