AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда әскери қызметшілер Бибігүл Төлегенованы т...

Алматыда әскери қызметшілер Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады

Барлығы 17.12.2025, 11:27 1,037
Алматыда әскери қызметшілер Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады
Сурет: Gov.kz

Алматы қаласында қазақтың әйгілі опера әншісі, ұстаз, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенованың үйінің ауласында әскери оркестр әуен төкті.

Алматы қаласы Бостандық ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының және армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының әскери қызметшілері әйгілі әншіні Тәуелсіздік күнімен және 96 жасқа толған туған күнімен құттықтады. Олар өнер иесіне гүл шоқтары мен құттықтау хатын табыстап, көпжылдық шығармашылық еңбегі үшін алғыстарын білдірді.

Туған күні еліміздің Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келген Бибігүл Ахметқызы үйінің терезесінен концертті жылы жүзбен тамашалады. Әскери оркестрдің әуенін тек әншінің өзі мен жақындары ғана емес, көпқабатты үйдің тұрғындары да ерекше ықыласпен қабылдады. Танымал өнер иесі әскери қызметшілерді әрдайым ерекше қуанышпен, ыстық ықыласпен қарсы алады.

Көңіл-күйі көтеріңкі болған Бибігүл Ахметқызы әскери қызметшілер мен барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап.

"Әскери киімдегі жандарға деген құрметім ерекше. Қызметтеріңіз үшін және осындай әсерлі сыйлық үшін алғыс айтамын. Елімізге бейбітшілік, әрбір қазақстандыққа денсаулық, тыныштық пен ертеңгі күнге деген сенім тілеймін", — деді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бибігүл Төлегенова #әскери қызметкерлер #құттықтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Батыс жылу кешенінің ұжымымен кездесті

Бүгін 19:11

Нұрлыбек Нәлібаев отын-энергетика кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 18:30

Трейдинг арқылы пайда табуды көздеген Тараз тұрғыны ақшасынан айырылып қалды

Бүгін 18:07

БҚО-да заңсыз айналымнан 220 келіден астам марихуана тәркіленді

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);