Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Әскери медицина орталығында жаңа академия...

Алматыда Әскери медицина орталығында жаңа академия құрылады

Әлеумет 26.09.2024, 12:36 1,992
Алматыда Әскери медицина орталығында жаңа академия құрылады
Сурет: Gov.kz

Осы мақсатта ҚР Қарулы күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы бейінді жоғары оқу орнын құру жобасын дайындады.

Қазіргі уақытта жоғары медициналық білім беру және әскери интернатура бағдарламалары бойынша әскери дәрігерлерді Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты базасында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетімен бірлесіп дайындайды. Ал жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру бағдарламасы бойынша әскери-медициналық кадрларды дайындау «Астана» медициналық университетімен академиялық ұтқырлық шеңберінде ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің әскери медицина кафедрасының базасында жүзеге асырылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Халықаралық ынтымақтастық желісі бойынша Ресейде, Өзбекстанда, Арменияда, Қытайда және Түркияда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярланады. Шетелде әскери медициналық білім алу тілдік кедергілердің, ұлттық және мәдени айырмашылықтардың болуымен, сондай-ақ дипломды тану рәсімдерінің ерекшеліктерімен байланысты екенін атап өткен жөн.

Жобаны іске асыру қолда бар мекемелерді қайта ұйымдастыруды, ұйымдастыру шараларын жүргізуді, қажетті инфрақұрылымды, академияның оқу-материалдық базасын құруды, білім беру бағдарламаларын әзірлеуді және лицензия алуды талап етеді. 

Жаңа білім беру мекемесі Алматы қаласындағы Қорғаныс министрлігінің Әскери медицина орталығы базасында құрылмақ.

Іс-шаралар қорғаныс ведомствосының мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен, Денсаулық сақтау, Ғылым және жоғары білім министрліктерімен, «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» мемлекеттік емес білім беру мекемесі және «Әскери медицина ардагерлері» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп өткізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#медицина #білім #әскер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Referendum2026: Әлеуметтік желіде жаңа Конституцияны қолдағандар саны 88 мыңнан асты

Бүгін 17:01

Михаил Шайдоровтың тарихи костюмі Олимпиада мұражайына қойылды

Бүгін 16:15

Франсис Пуленктің «Адам дауысы» монооперасы тұңғыш рет қазақ тілінде сахналанды

Бүгін 15:42

Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Бүгін 15:18

Кунг-фу панда бейнесі: Джеки Чан Шайдоровтың өнеріне сүйсінді

Бүгін 14:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі