AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда әскери және арнайы ЖОО басшыларының семин...

Алматыда әскери және арнайы ЖОО басшыларының семинар-кеңесі өтті

Әлеумет 14.10.2022, 06:39 1,320
Алматыда әскери және арнайы ЖОО басшыларының семинар-кеңесі өтті
Сурет: Polisia.kz

Семинар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен, Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.


Қазақстанда ҰҚК, ТЖ, полиция, прокуратура мамандарын және әскери қызметкерлер даярлайтын 13 әскери және арнайы оқу орындары бар. ІІМ М.Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясында өткен осы әскери және арнаулы оқу орындарының бірінші басшыларына арналған семинар-кеңестің тақырыбы – “Құқық қорғау және күштік құрылымдардың кәсіби кадрларын даярлау жөніндегі білім берудің жаңа тәсілдерін игеру” болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Іс-шараны ашқан Академия бастығы Айдар Сайтбеков аталған оқу орнында Президенттің жоғары білім беру сапасын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында іс-шаралар кешені жүзеге асырылып жатқанын, ал арнайы оқу орындары басшыларының ашық диалогы Жаңа Қазақстандағы білім беру жүйесін жетілдірудің ең өзекті мәселелерін шешу жолдарын табуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Семинарда Ғылым және жоғары білім саласындағы бақылау комитетінің басқарма басшысы Эльвира Сапарбекова жалпы білім беру стандарттарына қатысты инновациялар туралы әңгімеледі. Білім беру сапасын ішкі бақылау, оқу процесінің мониторингі, сондай-ақ біліктілік талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілікті күшейту, осының барлығы мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар бағалаудың жаңа критерийлері білім беру бағдарламаларының мазмұнын үнемі жаңартып отыруды көздейді, оны әзірлеуге жұмыс берушілер мен оқушылардың өздері қатысуы керек. Сондай-ақ, ғылыми жұмыстарды қашықтықтан қорғау форматы оқу орындарының қоғамға ашық болуына мүмкіндік беретіні атап өтілді.


Екі күндік семинар-кеңесте мемлекеттік бақылауды автоматтандыру, мамандардың біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру және мемлекеттік аттестаттау, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарына оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсету мәселелері талқыланды. Алқалы бас қосуда барлық білім беру ұйымдарының басшылары Алматы академиясы бастығының мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи стандарттарына жауап беретін ведомстволық білім беру сапасын арттыру құралы ретінде қауымдастық құру туралы бастамасын бірауыздан қолдады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Әскери #арнайы ЖОО басшылары #Семинар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Wilo Group компаниялар тобының басқарма төрағасы Оливер Герместі қабылдады

Бүгін 17:15

Алматыда шығарындылары төмен аймақтың жұмыс тәртібі түсіндірілді

Бүгін 17:13

Алматы мен Лангкави арасындағы жаңа авиарейс ашылды

Бүгін 17:00

Moody's Қазақстан Республикасының «Baa1» деңгейінде егеменді кредиттік рейтингін растады, болжам «Тұрақты»

Бүгін 16:58

Азаматтардың басым бөлігі алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін білдірді

Бүгін 16:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);