AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда әскерге баратындар мен жұмыс берушінің мі...

Алматыда әскерге баратындар мен жұмыс берушінің міндетін айтты

Әлеумет 17.04.2026, 12:39 569
Алматыда әскерге баратындар мен жұмыс берушінің міндетін айтты

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы, полковник Жақсылық Айтбаев әскерге шақыру науқаны кезіндегі заңнаманы сақтау мәселесіне байланысты қойған алматылық журналистердің сұрағына жауап берді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қолданыстағы заңнама шақырылушыларға да, жұмыс берушілерге де бірдей жауапкершілік жүктейді, сондай-ақ әскери қызметке қатысты мәселелерді «бейресми» жолмен шешуге толық тыйым салынған.

Спикер әскерге баруды кейінге қалдырып немесе «ақ билет» алып беруді ұсынатын әскери комиссариаттағы «көмекшілер» туралы да айтып өтті.

«Әскери қызметті кейінге қалдыруды, міндетінен босатуды заң бойынша шақыру комиссиясы ғана шешеді. Оған делдал керек емес. Жалған дәрігерлік анықтама алып, ауру деген диагноз қойып, әскери қызметтен жалтарудың басқа да заңсыз жолын ойлап табу делдалға да, әскерге шақырылған адамға да қылмыстық жауапкершілік жүктейді», – дейді Жақсылық Айтбаев.

Әскерге барудан жалтарғандардың жауапқа тартылатынын еске салды.

«Заңды негізі болмаған жағдайда әскерге шақырудан жалтару айыппұл арқалап, еңбекпен түзеу жұмысына не бір жылға дейін бас бостандығын шектеуге немесе айыруға әкеп соғады. Жазасын ауырлатар басқа да себеп болған жағдайда жаза жағы одан да қатаң болуы мүмкін», – дейді спикер.

Жұмыс берушілер үшін де жауапкершілік қарастырылған. Ұйым басшылары әскери есепте тұратын және әскерге шақырылатын қызметкерлер туралы мәліметті дер кезінде ұсынуға міндетті.

«Мұндай деректі әскери органдарға уақытылы немесе мүлдем ұсынбаса 10-нан 40 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салады», – деп толықтырды.

Қорытындылай келе, Қорғаныс істері жөніндегі департаментте әскерге шақыруға қатысты барлық мәселе заңмен белгіленген тәртіпте, оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы шешілетінін атап өтіп, азаматтарды заңның талаптарын сақтап, күмәнді схемаларға қатыспауға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);