конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Әскер барысы - 2026» турнирі өтіп, жеңім...

Алматыда «Әскер барысы - 2026» турнирі өтіп, жеңімпаздар анықталды

Әлеумет 17.04.2026, 13:21 298 yakiya
Алматыда «Әскер барысы - 2026» турнирі өтіп, жеңімпаздар анықталды

2026 жылғы 17 сәуірде Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті - Орталық спорт клубы армиясы базасында әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен «Әскер барысы - 2026» республикалық іріктеу турнирі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Аталған жарысқа еліміздің күштік құрылымдарын таныстыратын командалар қатысты. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ұлттық ұлан, Мемлекеттік күзет қызметі және Шекара қызметі бар. Турнирге 10 команда, 20-ға жуық балуан қатысып, өзара бақ сынады.

Жарысқа абсолюттік салмақ дәрежесінде, яғни 90 келіден жоғары балуандар қатысты. Балуандар жоғары дайындық деңгейін, күш-қайрат пен төзімділікті, сондай-ақ жеңіске деген жігерін көрсетті.

Турнирдің басты мақсаты – әскери қызметшілер арасында қазақ күресін кеңінен насихаттау, олардың дене дайындығын арттыру, жауынгерлік рухын нығайту және әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту.

Тартысты белдесулер нәтижесінде жеңімпаз бен жүлделі екінші орын иегері анықталып, олар күзде өтетін «Қазақстан барысы» республикалық турниріне жолдама алды. Аталған додада олар өз ведомстволарының намысын ел деңгейінде қорғамақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда әлемдік UBTECH компаниясының шетелдегі алғашқы робот зауыты салынады

Бүгін 18:10

Маңғыстауда төрт адамның өліміне себеп болған жүргізуші 5 жылға сотталды

Бүгін 17:19

Алматыда алдағы аптап ыстыққа байланысты көшелерде аэрация жұмыстары ұйымдастырылады

Бүгін 16:26

Алматыда Summer Relay кешкі жүгіру эстафетасына байланысты сенбі күні көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:08

Алматыда қала келбетін дизайн-код талаптарына сәйкестендіру жұмыстары басталады

Бүгін 15:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);