конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда арық желілерінің жағдайын зерттеу үшін ро...

Алматыда арық желілерінің жағдайын зерттеу үшін робот қолданылады

Әлеумет 28.06.2022, 09:54 1,526
Алматыда арық желілерінің жағдайын зерттеу үшін робот қолданылады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Аппаратты жергілікті мамандар өз күштерімен жинап шығарған.


Құбыржолдарды зерттеу үшін экология және қоршаған орта басқармасының мамандары жоғары айқындықтағы камерамен жабдықталған және төменгі жиілікте жұмыс жасайтын, қашықтан басқарылатын роботты пайдалана бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Дөңгелектің көмегімен жылжитын кішігірім робот қолжетімсіз жерлерден оңай өтіп, сол жердегі бейнені тікелей арнайы мониторға шығарады. Сонымен қатар аппарат телеметрия мәліметтерін иілу бұрышы мен тік күйінде де көрсетеді. Құрылғының көмегімен ластану деңгейімен қатар құбырдағы коррозия, жарылу және т.б. ақауларын анықтауға болады.


Қазіргі кезде қала әкімдігі арық желісін қалпына келтіріп, оларды коллекторлармен байланыстыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар арық желілерінің суару мүмкіндігін де қалпына келтіру қолға алынған. Арық желілерін жөндеу және қайта құру жұмыстары бойынша тиісті жобалау есептеу құжаттамасы әзірленді. Кейбір жерлерде арық желілерін кеңейту жоспарланған.


Қалада тығыз құрылыстың жүргізілуіне байланысты арық желісін салуға мүмкіндік жоқ жерлерде су басуды болдырмау үшін су ағынын бөлу жұмыстары жүргізілуде. Жылдың соңына дейін 56 су басу аумағында коллектор жүйесін іске қосып, арық желісімен байланыстырып, апатты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.



Алматыда су басудың негізгі себебі арық желісінде жауын және еріген қар суын өткізу мүмкіндіктің жоқтығында және коллектор-кәріз жүйесінің нашар болуында. Қолданыстағы коллекторларға көп жылдан бері тиісті қызмет көрсетілмеген.


Қалада барлығы 16 коллектор бар, оның 12-і  жарамсыз, төртеуі тек 30%-ға жұмыс істеп тұр. Биыл жалпы ұзындығы 376 км арық желісін салу және қайта құру жұмыстары басталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#робот #Арық #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Өңірлердің жылу беру маусымына дайындығы талқыланды

Бүгін 10:26

Үкімет 2029 жылға дейін Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі іс қимыл жоспарын бекітті

Бүгін 10:06

28 тамызда Құрылтайдың бірінші сессиясы өтеді

Бүгін 09:56

2027-2029 жылдары Қазақстанның ЖІӨ-нің орташа жылдық нақты өсімі 5%-дан жоғары болады

Бүгін 09:31

Үкімет Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын мақұлдады

Бүгін 09:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);