AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда Aqyl мемлекеттік білім беру жинақтау жүйе...

Алматыда Aqyl мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі қандай артықшылықтар береді?

Білім және ғылым 22.02.2022, 13:09 1,655
Алматыда Aqyl мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі қандай артықшылықтар береді?
Сурет: Kz.polomap.com

Қазақстандықтар мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында 21 мыңнан астам білім беру депозиттерін ашты.


Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ Ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алпамыс Сатыбалдин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Еске салсақ, 2013 жылдан бастап ел тұрғындары өздерінің білім алуына немесе балаларының білім алуына ақшалай қаражат жинай алады. Бұл үшін AQYL білім беру жинақтау салымы құрылды.


Оның басты артықшылығы – банктік сыйақыдан басқа 9%-ға дейін салымдарға мемлекеттік сыйлықақы есептеледі. Мемлекет сыйлықақысының мөлшері – жылдық 5%, әлеуметтік осал халық санаты үшін – 7%.



«Депозиттің қатаң нысаналы мақсаты бар: жинақталған қаражат ҚР-да да, шетелде де оқу ақысын төлеуге пайдаланылуы тиіс. Салымшы баланың атына немесе қатысушы банкте өзіне білім беру салымын ашады, жинақтаудың ықтимал мерзімін, жинақтаудың болжамды сомасын және жарналардың кезеңділігін дербес айқындайды», - деп түсіндірді А. Сатыбалдин.



Қазіргі уақытта білім беру депозитін ашуға болатын қатысушы банктер: «Қазақстан Халық банкі» АҚ, сыйақы мөлшерлемесі – 9%; «Jysan Bank» АҚ, сыйақы мөлшерлемесі – 8,3%; «Банк ВТБ» АҚ ЕҰ, сыйақы мөлшерлемесі – 8,8%; «Нұрбанк» АҚ, сыйақы мөлшерлемесі – 9%.



ЖОО-ға немесе колледжге ақылы негізде түскеннен кейін салымшы депозит ашылған банкке ЖОО/колледжбен шарт ұсынады, банк оқу ақысын салымшының шотынан тікелей білім беру ұйымына аударады. Егер оқудың барлық мерзімін төлегеннен кейін депозитте қаражат қалса, салымшы оларды алып тастауға құқылы.



Бала грантқа түскен жағдайда салымшы барлық қаражатты банк сыйақысымен және мемлекет сыйлықақысымен бірге алуға немесе оларды магистратураға төлеуге жұмсауға құқылы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мемлекет #білім #жүйе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бразилияның сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

Бүгін 20:10

"Анашым, мен сені жақсы көремін": Алматыда мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі өтті

Бүгін 18:42

Алматыда этномәдени бірлестік өкілдері Аналар күнін атап өтті

Бүгін 17:27

Тамақтан уланбау үшін не істеу керек? Маман кеңесі

Бүгін 16:50

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 15:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);