AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда АҚШ консулдығы салынады

Алматыда АҚШ консулдығы салынады

Әлеумет 26.03.2025, 11:07 670
Алматыда АҚШ консулдығы салынады
wikimapia.org

Мәжіліс депутаттары Алматы қаласында АҚШ консулдық мекемесінің ғимаратын салу үшін АҚШ үкіметіне жер телімін жалға беру туралы Қазақстан-Америка үкіметаралық келісімін ратификациялады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Құжатқа 2024 жылдың 27 қыркүйегінде Нью-Йорк қаласында қол қойылған. Шарттың ережелері жер учаскесін беру тәртібі мен шарттарын анықтайды.

Оның ауданы – 70593 шаршы метр, жалдау мерзімі – 49 жыл. Жалдау ақысы 25,3 миллион АҚШ долларын құрайды және келісім енгізілген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде бірыңғай төлеммен төленетін болады. Келісімге сәйкес АҚШ үкіметі жалдау ақысын қоспағанда, жер учаскесі мен консулдық ғимаратына салықтар мен басқа төлемдерді төлеуден босатылады.

Бұл ретте ол консулдық ғимаратының құрылысына байланысты коммуналдық қызметтерді Қазақстанда қолданыстағы нормативтер мен тарифтерге сәйкес төлей отырып, ғимаратты күтіп-ұстауға және жөндеуге жұмсалған шығыстарды дербес төлеуге міндеттеледі.

Ғимаратты салу және жабдықтау үшін АҚШ-та өндірілген материалдарды, жабдықтар мен тауарларды пайдалана алатын АҚШ мердігері бас мердігер болады. Олар кедендік төлемдерден, импорт салықтарынан және рұқсат алу талаптарынан босатылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #АҚШ консулдық #АҚШ үкіметі #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы көшелерін кеңестік кезеңдегі атауымен атаған блогерге айыппұл салынды

Бүгін 11:06

Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды

Бүгін 10:30

ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады

Бүгін 10:03

Жаңа конституция Қазақстанның сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайтады

Бүгін 09:45

Алматыда халықаралық рейстердегі жолаушы орындарының саны 13%-ға өсті

Бүгін 09:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);