AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда «Ақ тілекпен, балапан жүрекпен» атты қайы...

Алматыда «Ақ тілекпен, балапан жүрекпен» атты қайырымдылық акциясы өтті

Мәдениет 03.06.2025, 18:41 1,103
Алматыда «Ақ тілекпен, балапан жүрекпен» атты қайырымдылық акциясы өтті
Ернұр Рысбай

Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай ерекше мазмұндағы қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. «Әнші балапан» және «SOSстрадание» қоғамдық қорларының бастамасымен өткен «Ақ тілекпен, балапан жүрекпен» атты акция №1 балалар үйінің онкологиялық аурулармен күресіп жүрген, ДЦП диагнозы бар балалар және «Әнші балапан» қорының балаларына арналды.  

Іс-шарада «Мейірім де – ем. Біз болмасақ, кім болмақ?»ұраны осы күннің негізгі рухын айқындап берді. Ізгілік пен жылулыққа толы бұл бастама арқылы қоғам назарын ерекше күтімді қажет ететін балаларға аударуды көздейді. Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде ұйымдастырылған мәдени шара мерекелік концертпен басталды. Бағдарлама аясында балаларға арналған «Қысқы көбелектер» фильмі көрсетіліп, музей залдары бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

«Әнші балапан» жобасының тарихына көз жүгіртсек, ол – тек балалар байқауы ғана емес, мәдени құбылысқа айналған ірі платформа. 1990 жылдан бері мыңдаған дарынды балаларды елге таныстырып, олардың өнер жолындағы алғашқы баспалдақтарына айналды. Дильназ Ахмадиева, Мәдина Сәдуақасова, Алмас Кішкенбаев, Жанар Дұғалова сынды танымал әншілердің көпшілігі осы жобадан түлеп ұшқан.

Жоба авторы және жетекшісі Роза Жанчурина балалар шығармашылығына адал қызмет етіп келе жатқан жан. Оның көпжылдық еңбегі мен шынайы жанашырлығы арқасында «Әнші балапан» жобасы халықаралық деңгейге көтеріліп, Түркия, Франция, Германия, АҚШ сынды елдерде Қазақстан мәдениетін насихаттады.

Бағдарлама өзінің алғашқы күндерінен-ақ әлеуметтік осал топтағы балаларды қолдауға бағытталды. Ұлттық бірегейлікпен қатар көптілділікті, этникалық әралуандықты қолдап келе жатқан бұл бастама бүгінгі таңда мәдени және қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігіне айналды.

Қайырымдылық – қоғамның рухани деңгейінің көрсеткіші. Осындай ізгі шаралар арқылы мейірім мен бірлікке негізделген қоғам қалыптасып, әрбір балаға жылулық пен сенім сыйлайды.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бала #шара #сурет #қайырымдылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Иран АҚШ-пен келіссөзге өз шарттары толық орындалғанда ғана баратынын мәлімдеді

Бүгін 12:11

Павлодарда 34 млн теңгеден астам қарызы бар көлік айыптұраққа қойылды

Бүгін 11:43

Алматыда биыл полиция мен еріктілер 670 наркосайтты бұғаттады

Бүгін 11:32

АҚШ-та бойжеткен желіге тәуелді болып қалғаны үшін Instagram, Facebook пен YouTube-тен 1,3 миллиард теңге өндіріп алмақ

Бүгін 11:09

Алматыда экстремизм мен терроризмге қарсы кездесу өтті

Бүгін 10:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика