Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда «Аңсаған сәби» мүсіні орнатылды

Алматыда «Аңсаған сәби» мүсіні орнатылды

Барлығы 18.04.2025, 13:01 591
Алматыда «Аңсаған сәби» мүсіні орнатылды
Сурет: автор

Алматыда «Экомед» репродуктивті денсаулық клиникасының 30 жылдығына, сондай-ақ еліміздегі қосалқы репродуктивті технологиялар мерейтойына орайластырылып, жаңа ғимарат ашылды. 

Ғимараттың алдына мыңдаған қазақстандық отбасының үміті мен сенімі іспетті «Аңсаған сәби» бірегей мүсіні орнатылған. Бұл композицияда ананың жылы алақанында алаңсыз отырған бақытты балдырғанның бейнесі көрініс тапқан. Сондай-ақ аталған мүсін Мемлекет басшысының 2020 жылы, бала сүйе алмай жүрген ерлі-зайыптыларды қолдау үшін іске қосқан «Аңсаған сәби» бағдарламасымен үндес десек болады. Осы бірегей жобаның нәтижесінде жарық дүниеге 9 мыңнан астам дені сау бала келіп, талай шаңырақты қуанышқа бөледі.

Ерекше ғимараттың ашылу салтанатында «Экомед» клиникалар тобының негізін қалаушы және ғылыми директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор Салтанат Байқошқарова сөз сөйледі.

— Менің арманым – бедеулікті түбегейлі жою. «Аңсаған сәби» мүсіні балалы болуды армандайтын барлық отбасы үшін үкілі үміттің символын білдіреді. Бүгінгі күні елімізде әрбір алтыншы жұп бедеулікке тап болып отырған кезеңде, біздің мақсатымыз – қоғамның назарын репродуктивті медицина мен заманауи технологияларды қолдау мен дамытудың маңыздылығына аудару, – деп атап өтті Салтанат Байқошқарова.

«Экомед Алматы» клиникасының жаңа ғимараты әлемдік деңгейдегі ең заманауи жабдықтармен, соның ішінде жасанды интеллект технологиясы бар Embryoscope Plus инновациялық жүйесімен және сәтті тұжырымдама мүмкіндігін айтарлықтай арттыратын Piezo ICSI бірегей жапондық әдістемесімен жабдықталған.

– Біздің клиникалар жастардың отбасын жоспарлау тақырыбына саналы түрде жақындай түсуі, осы мәселеде көзі ашық болуы және олардың өздерінің репродуктивті әлеуетін алдын ала білуі, сол арқылы өмірге дені сау жаңа ұрпақ әкелуі үшін құрылуда. Сондықтан осы клиникада Қазақстанның жаңа буыны пайда болатынына сенімдімін, – деді С.Байқошқарова.

Салтанатты іс-шараға Қапшағай қаласынан тосыннан қонақ болып келген Диана есімді әдемі бойжеткен ортаға шықты. Оның лебізі жиналғандардың бәрін толқытты.

— Менің ата-анам сегіз жыл бала сүйе алмай жүргенде, талай сынақтан өтсе де, жақсы күндерден үмітін үзбей, қол ұстасып осы “Экомед” орталығына келген екен. Нәтижесінде өмірге мен келдім. Әр туған күнімде әкем “есіңде болсын, қызым, сенің өмірге келуіңе себепші болған екінші анаң Салтанат Берденқызы” деп отыратын. Бойжеткен шағымда осы жанды іздеп, тауып, танысып, рахметімді айтқым келетін. Әлеуметтік желіден бүгінгі орталықтың ашылатынын оқып қалып, сол сәт енді туғанын сездім де, Салтанат апайдың парақшасына кіріп, жекесіне шықтым. Бірден “келе ғой, айналайын, біз сені күтеміз” деді. Міне, әкем екеуміз келіп тұрмыз. Біздің шаңыраққа нұр, маған жарық өмір, ал ата-анама толық бақыт сыйлаған Салтанат Берденқызы мен Батыр Қаратайұлына басымды иемін! — деді 23 жастағы Диана Қанатқызы.

Ал толқып тұрған әкесі қолындағы бір құшақ гүлін Салтанат Байқошқароваға ұсынды.

Осы 30 жыл ішінде ЭКО арқылы 20 000-ға жуық бала өмір есігін ашты. Иә, бүгінде «Экомед» бедеулікпен күресте үміт пен сәттіліктің символына айналды. Қазіргі күні репродуктивті медицина саласында танымал көшбасшыға айналған «Экомедтің» еліміздің 12 қаласында 14 клиникасы бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Аңсаған сәби #Алматы #Мүсін
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика